О внесении дополнения в решение акима области от 27 января 2000 года № 331а «Об утверждении правил финансирования государственного заказа» Қолданыста
Басқа 0
Облыс әкімінің 2000 жылғы 27 қаңтардағы № 331 а шешіміне толықтырулар енгізу туралы «Мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру ережелерін бекіту туралы»
2000 жылғы 11 шілдедегі облыстық мәслихаттың V сессиясының шешімімен бекітілген нақтыланған облыстық бюджетті орындау мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Облыс әкімінің 2000 жылғы 27 қаңтардағы № 331-а қарыз алу есебінен орындалатын "Мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру ережелерін бекіту туралы" шешімінің 1 тармағына толықтырулар енгізілсін:
№ р/с
Бюджеттік бағдарлама
қосымша
атауы
№
36
Аймақтық инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру
23
Басқа 2
Облыс әкімінің 2000 жылғы
24 шілдедегі № 538 шешімімен
бекітілді
2000 жылғы қарыз алу есебінен "Аймақтық инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру" 68 бағдарламаның 00 шағын бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы қағидалар
1. Жалпы қағидалар
Осы Ережеде қарыз алу есебінен "Аймақтық инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру" 68 бағдарламаның 00 шағын бағдарламасының мемлекеттік тапсырысты орындау шығындарын өтеу тәртібі мен негізгі шарттары көзделеді.
Тармақша 1
1) Мемлекеттік тапсырыс тиісті қаржы жылына қарыз алу есебінен қаржыландырылады.
Тармақша 2
2) Мемлекеттік тапсырыс негізіндегі бағдарламаларды іске асыру үшін бағдарлама әкімгерімен мемлекеттік тапсырысты орындауға заңды және құқылы тұлғалармен келісім жасайды.
Тармақша 3
3) Мемлекеттік тапсырысты орындауға барлық азаматтық-құқықтық мәмілелер Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің 1999 жылғы 15 маусымдағы № 292 бұйрығымен бекітілген "Жергілікті бюджет есебінен мемлекеттік тапсырыстарды қаржыландыру ережелеріне", Қазақстан Республикасы өкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы № 1336 "Мемлекеттік мекемелердің несиелік берешектері өсуінің алдын-алу жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі қазынашылығы облыстық басқармасында тіркелуге жатады.
Тармақша 4
4) Ережелер Қазақстан Республикасы өкіметінің 1998 жылғы 22 желтоқсан № 1314 P981314_ "Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен орындалатын мемлекеттік тапсырыс туралы типтік ережелерді әзірлеу жөніндегі нұсқауларды бекіту туралы" қаулысы, Қазақстан Республикасы өкіметінің 1999 жылғы 7 желтоқсандағы № 1872
"Қазақстан Республикасының 2000 жылға арналған Республика бюджеті туралы" Заңды іске асыру туралы" қаулысы негізінде, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің 1999 жылғы 15 маусымдағы № 292 бұйрығымен бекітілген "Мемлекеттік және жергілікті бюджеттер есебінен мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру Ережесіне" сәйкес әзірленген.
Тарау 2. 2. Бағдарлама мазмұны негізгі жұмыстар
2. Бағдарлама мазмұны негізгі жұмыстар
Тармақша 1
1) жол ернеуінің тастарын, жаймаларын талқылау
Тармақша 2
2) жолды шаң мен балшықтан тазалау
Тармақша 3
3) ПГС-тен негізін салып, жол ернеуі тасының астына астау салу
Тармақша 4
4) автожолдардың бойлық пішінін түзету, фрезамен ескі асфальт-бетондық жабындыны жобалық белгіге дейін алып тастау
Тармақша 5
5) жол ернеуі тастарын монтаждау
Тармақша 6
6) ПГС-тен төсеніш қабат салу
Тармақша 7
7) фракциондық ұсақ тастан ірге тас салу
Тармақша 8
8) бырыстыратын материалдарды (битум) құю
Тармақша 9
9) ұсақ түйірлі тығыз асфальт-бетон қоспасынан тротуар жабындығын салу, асфальт-бетондық жабындысында тігіс жасау
Тармақша 10
10) үстіңгі су бұрғышын жасау
Тармақша 11
11) көкөніс топырағын газонға тасымалдау. Газонды тегістеу.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру шарттары
3. Мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру шарттары
Тармақша 1
1) Белгіленген тәртіппен қаржыландыру нысаны мемлекеттік тапсырыс ретінде айқындалған бағдарламалар (шағын бағдарламалар) атқарылған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) көлеміне сәйкес қаржыландырылатын бағдарламалар (шағын бағдарламалар) бойынша бөлінеді.
Тармақша 2
2) Ағымдағы қаржы жылында мемлекеттік тапсырысты орындауға келісім жергілікті бюджетте бекітілген жылдық сома шегінде жасалады.
Тармақша 3
3) Келісім ағымдағы қаржы жылы шегіндегі мерзімге жасалады.
Жергілікті бюджетті нақтылау жағдайында келісімдер облыстық қазынашылық басқармасында өзгерту мен қайта тіркелуге жатады.
Тармақша 4
4) Бір бағдарламаны (шағын бағдарламаны) орындау үшін келісімдер бірнеше орындаушылармен жасалса, осы келісімдердің жалпы сомасы осы бағдарлама бойынша жасалған келісім шегіндегі сомасынан аспауы қажет.
Тармақша 5
5) Мемлекеттік тапсырысты орындау келісімінде 1 қосымшаға сәйкес нысандар бойынша сандық және бағалық көріністегі орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) көлемі:
- осы қосымшаларда айлар бойынша сомалар жергілікті бюджет шығындары жазылған тізімінде көрсетілген тиісті сомалар шегінде жазылуы тиіс;
- облыстық қазынашылық басқармасына орындалған жұмыс (көрсетілген қызмет) актін міндетті түрде жасақтап ұсынуды қарастыратын шарт;
- келісім шарттарын орындамағаны үшін әрбір ұжымның жауапкершілігі болуға тиістi.
Тармақша 6
6) Облыстық қазынашылық басқармасы келісімдерді тіркеу кезінде осы ереженің 5 тармағында көрсетілген негізгі шарттардың баршылығын тексереді.
Тармақша 7
7) Орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісінде:
- тапсырыс беруші мен орындаушының атауы;
- келісім күшіне енгеннен бастап орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) жалпы құны;
- орындаушыға аударылған аванс сомасы;
- орындалған жұмыстар көлемі мен түрлері;
- аталған қызмет түрлерін орындау үшін Орындаушының жасаған нақты шығындар сомасы;
- Орындаушыға атқарылған жұмыстарды төлеу үшін аванс есебімен қаржыландырылатын айдағы бағдарлама (шағын бағдарлама) бойынша лимит қалдығынан аспайтын аударуға қажетті сомасы;
- басшылардың қолдары және Тапсырыс беруші мен Орындаушының мЈрлері болуға тиісті.
Тармақша 8
8) Актіде көрсетілген мәліметтер дұрыстығына Тапсырыс беруші мен Орындаушы жауап береді.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру тәртібі
4. Мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру тәртібі
Тармақша 1
1) Орындаушымен мемлекеттік тапсырысты орындағаны үшін есеп екінші деңгейдегі банкілердегі олардың есепшоттары арқылы немесе облыстық қазынашылық басқармасында жүргізіледі. Бµл жағдайда қаржы Тапсырыс берушінің бюджеттің есепшотынан Орындаушының екінші деңгейдегі банкідегі есепшотына аударылады.
Тармақша 2
2) әрбір орындаушыны жергілікті бюджет есебінен мемлекеттік тапсырыс шегіндегі бағдарламаны (шағын бағдарламаны) орындағаны Үшін авансылау бекітілген жергілікті бюджет шығындарының жазылған тізіміне сәйкес қаржыландыру басталған айдың сомасынан аспайтын мөлшерде жүргізіледі.
Тармақша 3
3) Облыстық қазынашылық басқармасы атқарылған жұмыстар (қызметтер) актісі негізінде әкімгер - мемлекеттік мекеменің (түрлі деңгейдегі бюджет ақшаның иеленушісінің) бюджеттік есепшотынан мемлекеттік тапсырыс шегінде атқаратын жұмысты (қызметті) Орындаушы есепшотына ақшаны аударады. Төлем тапсырмасында Қазақстан Республикасы өкіметінің 1998 жылғы 10 желтоқсандағы № 1258 P981258_ қаулысымен бекітілген "Тауарларды жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізу тәртібі туралы Нұсқауға" сәйкес конкурс рәсімдерінің нәтижелері бойынша әзірленген хаттаманың нөмірі мен датасы, келісімнің нөмірі мен датасы, мемлекеттік мекеменің міндеттеме нөмірі көрсетілуі қажет.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру
5. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру
Тармақша 1
1) Мемлекеттік тапсырыс Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 желтоқсандағы № 306 Z980306_ "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы Заңына өзгерістер енгізу туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы өкіметінің 1998 жылғы 12 желтоқсандағы № 1268 P981268_ қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасында тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жүргізу тәртібі туралы" Нұсқауға, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі № 966 P990966_ "Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру тиімділігін арттыру шаралары туралы" және 1999 жылғы 8 қыркүйектегі № 1332 P991332_ "Қазақстан Республикасы өкіметінің 1998 жылғы 10 желтоқсандағы № 1268 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулыларына сәйкес облыстық тендер комиссиясының шарттарын ұтқан заңды тұлғалар арасында орналастырылады.
Тармақша 2
2) 49 бағдарламаның 30 шағын бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін бағдарлама әкімгері (Тапсырыс беруші) тендер комиссиясының шешімі бойынша мемлекеттік тапсырысты орындаушымен (мердігер) мердігерлік келісім жасайды.
Тармақша 3
3) Жеке жағдайларда мемлекеттік тапсырыс бойынша жүргізілетін жұмыстарды авансылау қажет болғанда белгіленген тәртіп бойынша қаржыландыру лимиті шегінде аванс қажеттілігінің есебімен кезеңділік қаржыландыруға жеке келісім жасайды.
Тарау 6. 6. Жұмыстың орындалуының бағалау белгісі
6. Жұмыстың орындалуының бағалау белгісі
Мемлекеттік тапсырыстың орындалуын бағалау белгісі болып комиссияның акті (мемлекеттік комиссия - күрделі жұмыстар), бағдарлама әкімгерінің техникалық тапсырмасына сәйкес орындалған жұмыстарды қабылдау акті саналады.
Тарау 7. 7. Есеп беру тәртібі
7. Есеп беру тәртібі
Орындаушы - Мердігер бағдарлама әкімгері - Тапсырыс берушіге (мемлекеттік тапсырысты орналастыру¬а мердігерлік келісімде ескертілген) қажетті есеп береді. Оның негізінде бағдарлама әкімгері Тапсырушы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бекіткен тәртіпте және нысандар бойынша қаржы органына есеп береді.
Бағдарлама (шағын бағдарлама) - әкімгері құрылыс, сәулет және тұрғын үй саясаты басқармасының бастығы қосымшаларды орыс мәтіннен қараңыз