О внесении дополнений в решение акима области от 27 января 2000 года № 331 а «Об утверждении правил финансирования государственного заказа» Қолданыста
Басқа 0
Облыс әкімінің 2000 жылғы 27 қаңтардағы № 331 а шешіміне толықтырулар енгізу туралы «Мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру ережелеріне бекіту туралы»
Облыстық мәслихаттың II шақырылған VI сессиясының 2000 жылғы 28 тамыз № 79-11 шешімінің бекітілген нақтыланған облыстық бюджетті орындау мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Облыс әкімінің 2000 жылғы 27 қаңтардағы № 331 а қарыз алу есебінен орындалатын «Мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру ережелерін бекіту туралы шешімінің 1 тармағына толықтырулар енгізілсін:
№ р/с
Бюджеттік бағдарлама
қосымша
Атауы
№
37
Жергілікті деңгейдегі жобалау іздестіру конструкторлық және технологиялық жұмыстар
22
Басқа 2
Облыс әкімінің 2000 жыл
26 қыркүйек № 593 шешімімен
бекітілген
2000 жылғы жергілікті бюджет қаржысы есебінен «Жобалау-іздестіру, құрастырушылық және технологиялық жұмыстары» 48 бағдарлама бойынша мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру ережесі.
Тарау 1. 1. Жалпы жағдай.
1. Жалпы жағдай.
Осы ереже жергілікті бюджет қаржысы есебінен «Жобалау-ескерту, құрастырушылық және технологиялық жұмыстары» 48 бағдарлама бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауға шығындардың төлем тәртібін және шартын анықтайды.
Мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру тиісті қаржы сол жылда көзделген жергілікті бюджет есебі бойынша іске асырылады.
Бағдарламаларды мемлекеттік тапсырыс негізінде жүзеге асыру үшін бағдарлама басшысы құқықты және заңды тұлғалармен мемлекеттік тапсырысты орындауға шартқа отырады.
«Мемлекеттік тапсырысты орындайтын барлық азаматтық-құқықтық келісімдер Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің 1999 жыл, 15 маусымда бекітілген «Мемлекеттік тапсырыстарды жергілікті бюджет есебінен қаржыландыру» № 292 бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жыл, 25 желтоқсандағы Мемлекеттік мекемелерді несие қарызының өсуі бойынша сақтандыру шаралары туралы» № 1336 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігінің Қазынашылық облыстық басқармасында тіркелуге тиісті.
Ережелер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жыл, 22 желтоқсандағы «Мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен орындалатын мемлекеттік тапсырыс Ереже түрлері жасақтау бойынша нұсқауды бекіту туралы» № 1312 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жыл, 7 желтоқсандағы «2000 жылғы республикалық бюджет туралы» Қазақсатан Республикасы заңын іске асыру туралы» № 1872 қаулысы, кейіннен толықтырылған және өзгертілген Қазақстан Республикасы Министрлігінің бұйрығымен бекітілген және Қазақстан Республикасының 1997 жыл, 16 шілдедегі «Мемлекеттік сатып алу туралы» № 163 Заңына сәйкес даярланған.
Тарау 2. 2. Бағдарлама мақсаты.
2. Бағдарлама мақсаты.
Тармақ 1
1. Мемлекеттік тапсырысты орындаудың негізгі мақсаты Атырау қаласының, Атырау облысының аудан орталықтарының және Доссор қалалық тұрғындағы поселкесінің 1:2000 ауқымдағы жоспарын құру жөніндегі топографиялық-геодезиялық жұмыстарының өндірісі болып табылады. Атырау қаласының, аудан орталықтарының және Доссор қалалық тұрғыдағы поселкесінің картографиялық материалдарын жаңарту мақсатында жер кадастрын жүргізу, жылжымайтын мүліктерді тіркеу, салық жинауды, бас жоспар мен қала құрылысы кадастрын әзірлеу де осы мақсатқа қызмет етеді.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру.
3. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру.
Мемлекеттік тапсырысты орналастыру топография-геодезиялық жұмыстар өндірісінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жыл, 10 желтоқсандағы № 1268 қаулысымен бекітілген жұмыс және қызмет көрсету, мемлекеттік тауарларды сатып алу тәртібін жүргізу туралы Нұсқау негізінде облыстық тендер комиссиясы шартында жеңіп алған Заңды тұлғалар арасында жүргізіледі.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру тәртібі.
4. Мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру тәртібі.
Тармақша 1
1) Мемлекеттік тапсырысты орындау үшін Тапсырысшымен есеп айрысу облыстық Қазынашылық басқармасы арқылы екінші деңгейдегі банкілер есебі арқылы жүргізіледі.
Тармақша 2
2) Мемлекеттік тапсырысты орындауға келісім шарт жегілікті бюджетте бекітілген жылдық сома шегінде жасалады.
Тармақша 3
3) Келісім шарт ағымдағы қаржы шегінде мерзімде жасалады.
Тармақша 4
4) Облыстық Қазынашылық басқармасына мемлекеттік тапсырыс шегінде жасалған жұмыс (қызмет көрсету) орындаушының есеп айырысу шотына бағдарлама басшысының бюджет есебінен ақша аудару үшін тендер, шарт хаттамасы, мемлекеттік тапсырыс шегіндегі орындалатын жұмыстардың (қызмет көрсету) жобасы, орындалған жұмыстардың актілері негіз болып табылады.
Тармақша 5
5) Мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру облыс әкімінің «Жобалау-іздестіру, құрастыру және технологиялық жұмыстары» қаржыландыру туралы бөлек шешімдері бойынша жүзеге асырылады:
Алғы ақы (аванс) жұмысты орындауды қамтамасыз ету мердігерлік шартына қол қойылған соң аударылады.
әрі қарай төлем тапсыру-қабылдау актісіне қол қойылған соң және топография-геодезиялық жұмыстар аяқталған соң № 2 акті бойынша жұмыстарды орындау және алғы ақыны (аванс) игерген соң жүргізіледі.
Тарау 5. 5. Орындалған жұмыстардың бағалау өлшемі.
5. Орындалған жұмыстардың бағалау өлшемі.
Тармақ 1
1) Мемлекеттік тапсырысты орындау өлшемі объектіні пайдалануға енгізу туралы акт, бағдарлама басшысының техникалық тапсырмасына сәйкес орындалған жұмыстарды қабылдау актілері болып табылады.
Тарау 6. 6. Есеп беру тәртібі.
6. Есеп беру тәртібі.
Тармақ 1
1) Мердігер-Орындаушы бағдарлама басшысына-Тапсырысшыға мемлекеттік тапсырысты орналастыру мердігерлік шартында көрсетілген керекті есеп айыруды ұсынады, осының негізінде бағдарлама басшысы-Тапсырысшы Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігі бекіткен үлгі бойынша белгіленген түрде қаржыландыру органына есеп беру тапсырады.