О внесении изменений в решение Южно-Казахстанского областного маслихата от 27 июня 2001 года N 11/127-ІІ "Об установлении границ зон и поправочных коэффициентов, применяемых к базовым ставкам платы за земельные участки в городах областного значения Южно-Казахстанской области" Қолданыста
Басқа 0
"Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларында аймақтардың шекаралары мен жер телімдері үшін ақы төлеудің базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 27 маусымдағы 2001 жылғы N 11/127-II шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 11-бабы 1-тармағына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. "Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларында аймақтардың шекаралары мен жер телімдері үшін ақы төлеудің базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2001 жылғы 27 маусымдағы № 11/127-II шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 326 нөмірмен тіркелген, 2001 жылғы 2 тамызда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы:
"Шымкент қаласы үшін" бөлімі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
"Ескертпе: жер телімдері үшін ақы төлеудің базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттері Шымкент, Арыс, Түркістан, Кентау қалаларында олардың бас жоспарларында анықталған шекара шегінде қолданылады."
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Оңтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының 2010 жылғы 12 наурыздағы
№ 26/281-IV шешіміне қосымшасы
Шымкент қаласы үшін:
Аймақтардың нөмірлері
Аймақтардың түзету коэффициенттері
1
1,0
2
0,8
3
0,7
4
0,6
5
0,5