О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 27 декабря 2001 года N 1715 и от 18 февраля 2002 года N 228 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 және 2002 жылғы 18 ақпандағы N 228 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай
өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан
Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 қаулысына:
8-тармақтың 2) тармақшасының бесінші абзацы алынып тасталсын;
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын
бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 ақпандағы N
228 қаулысына:
көрсетілген қаулыға 25-қосымшада:
6-тармақта:
5-бағанда:
реттік нөмірі 1-жолда:
"несие берудің ережесіне сәйкес" деген сөздер "арнап" деген сөзбен
ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын" деген сөздер алынып
тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.