О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 27 декабря 2001 года N 1715 и 26 января 2002 года N 118 Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.11.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 және 2002 жылғы 26 қаңтардағы N 118 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 қаулысына : көрсетілген қаулыға қосымшада: ІҮ "Шығындар" деген бөлімде: 4 "Білім беру" деген функционалдық топта: 5 "Қосымша кәсіби білім беру" деген ішкі функцияда: 213 "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі" деген әкімші бойынша: 010 "Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау" деген бағдарламада: 005 "Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру" деген кіші бағдарламадағы "2 153" деген сан "3 381" деген санмен ауыстырылсын; 030 "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мамандарын оқыту" деген кіші бағдарламадағы "14 239" деген сан "13 011" деген санмен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы N 118 қаулысына: көрсетілген қаулыға 11-қосымшада 6-тармақтың кестесінің "Бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру жөніндегі іс-шаралар" деген 5-бағанындағы "420" деген сан "480" деген санмен ауыстырылсын; көрсетілген қаулыға 17-қосымшадағы 5-тармақта "аумақтық органдарды" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.