О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 27 декабря 2001 года N 1715 и от 26 января 2002 года N 122 Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.11.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 және 2002 жылғы 26 қаңтардағы N 122 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 қаулысына: көрсетiлген қаулыға қосымшада: IV "Шығындар" деген бөлiмде: 12 "Көлiк және байланыс" деген функционалдық топта: 1 "Автомобиль көлiгi" деген iшкi функцияда: 215 "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi" деген әкiмшi бойынша: 036 "Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы және қайта жаңарту" деген бағдарламада: 035 "Астана - Бурабай автомобиль жолының учаскесiн қайта жаңарту" деген кiшi бағдарламада "3320000" деген сан "3112700" деген санмен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 061-кiшi бағдарламамен толықтырылсын: "061 Шымкент - Түркiстан учаскесiндегi Самара - Шымкент автомобиль жолын қайта жаңарту 207 300"; 2) "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң республикалық бюджеттiк бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 26 қаңтардағы N 122 қаулысына : көрсетiлген қаулыға 3-қосымшада: 6-тармақтың кестесiнде: "Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру бойынша iс-шаралар" деген бағанда: 2-тармақтағы "3100" деген сан "4400" деген санмен ауыстырылсын; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "4. Жолдың беткi қабатын төсеу: Арқа - Талдыкөл аралығы - 50 км; Хромтау - Жоса аралығы - 60 км; Арқа станциясы - Арыстансор - 38 км күрделi жөндеу; Арқа - Арыстансор аралығындағы 38 км қалпына келтiру жұмыстары; Арқа - Талдыкөл - 50 км, Хромтау - Жоса - 60 км аралықтарын энергиямен жабдықтау."; мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын: "5. Материалдарды дайындау (283 км санындағы рельс-шпал торын тiгуге арналған материалдарды сатып алу)."; 7-тармақта: 2) тармақшадағы "3100" деген сан "4400" деген санмен ауыстырылсын; 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "4) Жолдың беткi қабатын төсеу: Арқа - Талдыкөл аралығы - 50 км; Хромтау - Жоса аралығы - 60 км; Арқа станциясы - Арыстансор - 38 км күрделi жөндеу; Арқа - Арыстансор аралығындағы 38 км қалпына келтiру жұмыстары; Арқа - Талдыкөл - 50 км, Хромтау - Жоса - 60 км аралықтарын энергиямен жабдықтау."; мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын: "5) Материалдарды дайындау (283 км санындағы рельс-шпал торын тiгуге арналған материалдарды сатып алу)."; көрсетiлген қаулыға 7-қосымшада: 6-тармақтың кестесiнде: "Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру жөнiндегi iс-шаралар" деген бағанның реттік нөмiрi 2-жолындағы "986" және "1028" деген сандар тиiсiнше "936,7" және "918" деген сандармен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 7-жолмен толықтырылсын: "7 061  Шымкент -     Белгiленген        қазан -     Қазақстан         Түркiстан     тәртiппен        желтоқсан    Республика.         учаскесiнде   мемлекеттік                   сының Көлік         Самара  -     сараптамадан                     және         Шымкент       және бекiтуден                 коммуника.         автомобиль    өткен жобалау-                   циялар         жолын қайта   сметалық                       министрлігі         жаңарту       құжаттамаға                       сәйкес                       құрылыс                       жұмыстарын                       орындау:                       - дайындау                       жұмыстары -                       5,15 км;                       - жер төсемiн                       салу - 20,1                       мың м3;                       - жол бетін                       салу - 81,6                       мың м2;                       - жасанды                       құрылыстарды                       жөндеу -                       6 дана                                  "; 7-тармақта: 2) тармақшадағы "986" және "1028" деген сандар тиiсiнше "936,7" және "918" деген сандармен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын: "7) Шымкент - Түркiстан учаскесiнде Самара - Шымкент автомобиль жолын қайта жаңарту, оның iшiнде: - дайындау жұмыстары - 5,16 км; - жер төсемiн салу - 20,1 мың м3; - жол бетiн салу - 81,6 мың м2; - жасанды құрылыстарды жөндеу - 6 дана"; көрсетiлген қаулыға 9-қосымшада: 6-тармақтың кестесiнде: "Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру бойынша iс-шаралар" деген бағанның реттiк нөмiрi 2-жолы мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын: "Орындалған жұмыстардың техникалық аудитiн жүргiзу"; көрсетiлген қаулыға 10-қосымшада: 6-тармақтың кестесiнде: "Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру бойынша iс-шаралар" деген бағанның реттiк нөмiрi 1-жолы мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын: "Орындалған жұмыстардың техникалық аудитiн жүргiзу"; көрсетiлген қаулыға 14-қосымшада: 6-тармақтың кестесiнде "Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру бойынша iс-шаралар" деген бағандағы "37" деген сан "40" деген санмен ауыстырылсын; 7-тармақта: екiншi абзацтағы "1584" деген сан "1587" деген санмен ауыстырылсын; 1) тармақшада: "Алматы облысы" деген бөлiм мынадай жолдармен толықтырылсын: "Алматы-Космостанция" автомобиль жолы Алматы, Алма-Арасан санаторийлерiне кiреберiс жолдарымен бiрге Су тасқыны қиратқанын жою, 7-10 км км 3"; "Барлығы" деген жолда "37" деген сан "40" деген санмен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулыға 28-қосымшада: 6-тармақтың кестесiнде: "Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру бойынша iс-шаралар" деген бағанда: мынадай жол: "- аспалы кескiш - 74 дана;" мынадай редакцияда жазылсын: "- аспалы кескiш - 80 дана;"; мынадай жол: "- жылжымалы жөндеу шеберханасы - 15 дана" мынадай редакцияда жазылсын: "- жылжымалы жөндеу шеберханасы - 24 дана;"; көрсетiлген қаулыға 33-қосымшада: 6-тармақтың кестесiндегi "Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру жөнiндегi iс-шаралар" деген бағанда: реттік нөмiрi 3-жол мынадай редакцияда жазылсын: "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесiнiң техникалық тапсырмасын әзiрлеу - 1 жиынтық"; реттік нөмiрi 5-жол мынадай редакцияда жазылсын: "Жеке тұлғалар" мемлекеттiк дерекқоры" ақпараттық жүйесiнiң техникалық тапсырмасын әзiрлеу - 1 жиынтық"; реттік нөмiрi 6-жол алынып тасталсын; 7-тармақтың төртiншi және бесiншi абзацтары мынадай редакцияда жазылсын: "Жеке тұлғалар" мемлекеттiк дерекқоры" ақпараттық жүйесiнiң техникалық тапсырмасын әзiрлеу - 1 жиынтық. Ақпараттық жүйенi әзiрлеу - 1 жиынтық"; көрсетiлген қаулыға 34-қосымшада: 6-тармақтың кестесiндегi "Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру жөнiндегi iс-шаралар" деген бағанда: реттік нөмiрлерi 3 және 4-жолдар мынадай редакцияда жазылсын: "Лицензиялық базалық бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу, электрондық құжат айналымы бiрыңғай жүйесiнiң екiншi кезегiн құру жөнiндегi ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу - 1 жиынтық "Жобаны басқару - 712 адам-күнi"; реттік нөмірі 6-жолда: "275" деген сан "65" деген санмен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "Мемлекеттiк органдар - Салық төлеушiлер және салық салу объектiлерi тiзiлiмiнiң қатысушылары үшiн электрондық құжат алмасуды ұйымдастыруға арналған жабдықты сатып алу және реттеу - 6 жиынтық"; 7-тармақта: үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Лицензиялық базалық бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу, электрондық құжат айналымы бiрыңғай жүйесiнiң екiншi кезегiн құру жөнiндегi ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу - 1 жиынтық"; алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Жобаны басқару - 712 адам-күнi"; жетiншi абзацтағы "275" деген сан "65" деген санмен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын: "Мемлекеттiк органдар - Салық төлеушiлер және салық салу объектiлерi тiзiлiмiнiң қатысушылары үшiн электрондық құжат алмасуды ұйымдастыруға арналған жабдықты сатып алу және реттеу - 6 жиынтық"; көрсетiлген қаулыға 35-қосымшада: 6-тармақтың кестесiнде: "Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру жөнiндегi iс-шаралар" деген бағанда: реттiк нөмiрi 2-жолдағы "Бағдарламалық" деген сөздiң алдынан "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Web-сайтын" деген сөздермен толықтырылсын; реттiк нөмiрлерi 6, 7, 8, 9 және 10-жолдар мынадай редакцияда жазылсын: "Мемлекеттiк органдардың электрондық мұрағаттары жүйесiн құруға техникалық тапсырманы әзiрлеу - 1 бiрлiк Мемлекеттiк органдардың электрондық мұрағаттары жүйесiнiң қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуiнiң бiрiншi кезегiн әзiрлеу - 1 жиынтық Мемлекеттiк электрондық мұрағатқа арналған техникалық құралдарды сатып алу - 1 жиынтық Техникалық тапсырманы әзiрлеу және кiлттердi сәйкестендiру орталығына арналған бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу - 1 жиынтық Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу, ақпаратты жинау және өңдеу жүйесiне арналған бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу және сатып алу - 1 бiрлiк"; реттік нөмiрлерi 11, 12, 13-жолдар алынып тасталсын; 7-тармақта: төртiншi абзац "Бағдарламалық" деген сөздiң алдынан "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Web-сайтын" деген сөздермен толықтырылсын; он екiншi абзацтағы "нормативтiк құжаттарды әзiрлеу" деген сөздер "техникалық тапсырма" деген сөздермен ауыстырылсын; он үшiншi абзацтағы "әзiрлеу және" деген сөздер алынып тасталсын; он төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "ҒЗЖ жүргiзу, ақпаратты жинау және өңдеу жүйесiне арналған бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу және сатып алу - 1 бiрлiк"; он бесiншi, он алтыншы, он жетiншi және он сегiзiншi абзацтар алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы он тоғызыншы абзацпен толықтырылсын: "Мемлекеттік электрондық мұрағатқа арналған техникалық құралдарды сатып алу - 1 жиынтық"; көрсетiлген қаулыға 36-қосымшада: 6-тармақтың кестесiнде: "Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру жөнiндегi iс-шаралар" деген бағанда: реттік нөмiрi 5-жол мынадай редакцияда жазылсын: "Сертификаттау нәтижелерiн есепке алу үшiн "Ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстардың мемлекеттiк тiркелiмi" ақпараттық жүйесiн дамыту - 1 бiрлiк"; реттiк нөмiрi 6-жол алынып тасталсын; реттiк нөмiрлерi 9 және 10-жолдардағы "Депозитарийдiң" деген сөз "Бағдарламалық кодтар мен құжаттама депозитарийiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын; 7-тармақтағы алтыншы және оныншы абзацтар алынып тасталсын; көрсетiлген қаулыға 38-қосымшада: 6-тармақтың кестесiнде: "Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру жөнiндегi iс-шаралар" деген бағанда: реттiк нөмiрлерi 1 және 2-жолдар алынып тасталсын; реттiк нөмiрi 3-жол мынадай редакцияда жазылсын: "Электрондық коммерция орталығын ұйымдастыру үшiн техникалық тапсырманы әзiрлеу, оның iшiнде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу - 1 бiрлiк"; 7-тармақта: үшiншi және төртiншi абзацтар алынып тасталсын; бесiншi абзацтағы "пен бағдарламалық қамтамасыз ету" деген сөздер алынып тасталсын; көрсетiлген қаулыға 39-қосымшада: 6-тармақтың кестесiнде: "Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру жөнiндегi iс-шаралар" деген бағанда: реттiк нөмiрлерi 1 және 2-жолдар алынып тасталсын; реттiк нөмiрi 3-жол мынадай редакцияда жазылсын: "Салық төлеушiлер және салық салу объектiлерi тiзiлiмiн ескере отырып, мемлекеттiк қаржы ақпараттық жүйелерiн бiрiктiру шеңберiнде "Мемлекеттік жер кадастры" ақпараттық жүйесiнiң жабдығын сатып алу және реттеу - 1 жиынтық"; 7-тармақта: үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Мемлекеттік жер кадастры" ақпараттық жүйесiнiң жабдығын сатып алу және реттеу - 1 жиынтық"; төртiншi және бесiншi абзацтар алынып тасталсын; жетiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Салық төлеушiлер және салық салу объектiлерi тiзiлiмi" ақпараттық жүйесiмен бiрiктiрiлген "Мемлекеттік жер кадастры" жүйесiн дамыту".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.