О внесении дополнений и изменения в постановления Правительства Республики Казахстан от 27 декабря 2001 года N 1715 и от 31 января 2002 года N 143 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 және 2002 жылғы 31 қаңтардағы N 143 қаулыларына толықтырулар мен өзгерiс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 P011715_ қаулысына:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
IV "Шығындар" бөлiмiнде:
5 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобында:
2 "Халықтың денсаулығын қорғау" iшкi функциясында:
226 "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi" әкiмшiсi бойынша:
051 "Қатерлi жұқпалы аурулардың алдын алу және оларға қарсы күрес жүргiзу" бағдарламасында:
030 "Атырау, Арал теңiзi, Ақтөбе, Орал, Талдықорған, Маңғыстау, Шымкент, Қызылорда обаға қарсы күрес станциялары" кiшi бағдарламасының 2-бағанында "Қызылорда" деген сөзден кейiн ", Жамбыл, Шалқар" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң республикалық бюджеттiк бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 31 қаңтардағы N 143 P020143_ қаулысына:
көрсетiлген қаулыға 16-қосымшада:
"Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жоспары" 6-тармағында:
030 "Обаға қарсы күрес станциялары: Атырау, Арал теңiзi, Ақтөбе, Орал, Талдықорған, Қызылорда, Маңғыстау, Шымкент" кiшi бағдарламасында:
"Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) iске асыру жөніндегi iс-шаралар" 5-бағанында:
"Ақтөбе - 106 бiрлiк" деген сөздер "Ақтөбе - 58 бiрлік" деген
сөздермен, "Шымкент - 150 бірлік" деген сөздер "Шымкент - 99 бірлік" деген
сөздермен ауыстырылсын;
"Орал - 296 бiрлiк" деген сөздерден кейiн ", Жамбыл - 51 бiрлiк,
Шалқар - 48 бiрлік" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген Жоспардың 4, 7-бағандарында:
"Қызылорда" деген сөзден кейiн ", Жамбыл, Шалқар" деген сөздермен
толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі