О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 декабря 2001 года N 1715 Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.06.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулыға қосымшада: IV "Шығындар" деген бөлімде: 12 "Көлік және байланыс" деген функционалдық топта: 1 "Автомобиль көлігі" деген ішкі функцияда: 215 "Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі" деген әкімші бойынша: 036 "Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы және қайта жаңарту" деген бағдарламада: 032 "Орал қаласы ауданында Жайық өзені арқылы өтетін көпір құрылысы" деген кіші бағдарламада "700000" деген сан "1407000" деген санмен ауыстырылсын; 044 "Қызылорда қаласы маңындағы Сырдария өзені арқылы өтетін көпір" деген кіші бағдарламада "1000000" деген сан "293000" деген санмен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.