О внесении изменения в решение маслихата города Шымкент от 27 апреля 2001 года № 10/100-2с «О создании государственного учреждения «Аппарат маслихата города Шымкент» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесін құру туралы» 2001 жылғы 27 сәуірдегі № 10/100-2с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2001 жылғы 27 сәуірдегі № 10/100-2с шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешімнің 4-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 3. «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Шымкент қаласы мәслихаттының 2024 жылғы 14 маусымдағы № 17/154-VIII шешіміне қосымша «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Шымкент қаласы мәслихатының аппараты) Шымкент қаласы мәслихатының, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме болып табылады.
Тармақ 2
2. Шымкент қаласы мәслихаты аппаратының ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. Шымкент қаласы мәслихатының аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Шымкент қаласы мәслихатының аппараты мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Шымкент қаласы мәслихатының аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Шымкент қаласы мәслихатының аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Шымкент қаласы мәслихатының аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Шымкент қаласы мәслихаты төрағасының (бұдан әрі – мәслихат төрағасы) өкімдерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Шымкент қаласы мәслихаты аппаратының құрылымы мәслихатпен бекітіледі. Шымкент қаласы мәслихаты аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің штат саны лимиті мәслихат депутаттарының саны негізге алынып, бес депутатқа бір қызметкер қатынасында, бірақ бес адамнан кем емес болып белгіленеді.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Nursultan Nazarbaev даңғылы, 10, индекс 160023.
Тармақ 10
10. Осы ереже Шымкент қаласы мәслихаты аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Шымкент қаласы мәслихаты аппаратының қызметін қаржыландыру қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Шымкент қаласы мәслихатының аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен Шымкент қаласы мәслихаты аппаратының өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Тарау 2. 2-тарау. Шымкент қаласы мәслихаты аппаратының мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Шымкент қаласы мәслихаты аппаратының мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары: мәслихат пен оның органдарының қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, депутаттарға өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары: Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдар мен лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу; мәслихат депутаттарынан олардың қызметіне қатысты мәселелер бойынша мәліметтер, ақпарат сұрату; өз қызметі барысында туындайтын ұсыныстарды мәслихаттың қарауына енгізу; мәслихат пен оның тұрақты және өзге де комиссияларының қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауға қатысу үшін мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың қызметкерлерін тарту; депутаттардың әкімге, тиісті аумақтық сайлау комиссиясының төрағасына және мүшесіне, прокурорға және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың лауазымды адамдарына мәслихат құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ресми жазбаша сауалдарын қарау үшін жолдау; заңнама талаптарын бұза отырып дайындалған құжаттарды пысықтауға қайтару; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды іске асыру.
Тармақша 2
2) міндеттері: Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, олар бойынша қажетті шаралар қабылдау; мемлекеттік меншіктің сақталуын, сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті тек қызметтік мақсатта пайдалануды қамтамасыз ету; Шымкент қаласы мәслихатының аппаратына түскен петицияларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес қарау; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Функциялары: мәслихаттың, оның тұрақты және өзге де комиссияларының жұмыс жоспарлары негізінде жұмыс жүргізу; өз құзыреті шегінде Шымкент қаласы мәслихаты регламентінің сақталуын қамтамасыз ету; депутаттарға өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету; мәслихат қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру; мәслихаттың тұрақты және өзге де комиссияларының қызметін қамтамасыз ету; мәслихат төрағасының азаматтарды жеке қабылдауын өткізуді ұйымдастыру; Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес мәслихат төрағасының, Шымкент қаласы мәслихаты аппаратының қызметін құжаттамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру; мәслихат сессияларын өткізуді ұйымдастыру, мәслихат сессияларының хаттамаларын жүргізу, ресімдеу; мәслихат қызметінің мәселелері бойынша баяндамалардың, шешімдердің, анықтамалардың және басқа да құжаттардың жобаларын дайындау; мәслихат актілерін әзірлеуге қатысу, мәслихаттың нормативтік құқықтық актілерін қабылдауды, әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, сондай-ақ жинақтауды, сақтауды және есепке алуды қамтамасыз ету; ресми жарияланғаннан кейін Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсында мәслихаттың нормативтік құқықтық шешімдерін орналастыруды қамтамасыз ету; мәслихат пен оның тұрақты комиссияларының шешімдерін белгіленген тәртіппен кәсіпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға, лауазымды адамдар мен азаматтарға жеткізу; азаматтардың (сайлаушылардың) Шымкент қаласының мәслихатына жолдаған хаттарын, өтініштерін қабылдау, тіркеу және қарау, оларды депутаттардың назарына жеткізу, олардың орындалуын бақылау, қажет болған жағдайда оларға жауаптар дайындау; депутаттық сауалдарды есепке алуды және олардың уақтылы қаралуына бақылауды жүзеге асыру; мәслихат депутаттарының біліктілігін арттырудан өтуін ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Тарау 3. 3-тарау. Шымкент қаласы мәслихаты аппараты бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Шымкент қаласы мәслихаты аппараты бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Шымкент қаласы мәслихаты аппаратын басқаруды мәслихат төрағасы жүзеге асырады, ол жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Мәслихат төрағасы мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшілік даусымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады.
Тармақ 18
18. Мәслихат төрағасының орынбасарлары жоқ.
Тармақ 19
19. Мәслихат төрағасының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi дайындауды ұйымдастырады, сессияның күн тәртiбiн қалыптастырады, хаттаманың жасалуын қамтамасыз етедi, мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
Тармақша 2
2) мәслихат сессиясын шақыру туралы шешiм қабылдайды;
Тармақша 3
3) мәслихат сессиясының отырысын жүргiзедi, мәслихат регламентiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;
Тармақша 4
4) мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегі жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;
Тармақша 5
5) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;
Тармақша 6
6) мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 7
7) сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;
Тармақша 8
8) мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;
Тармақша 9
9) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (әрі қарай - Заң) 24-бабының 1-тармағына сәйкес әкiмге сенiмсiздiк бiлдiру туралы мәселеге бастамашылық еткен мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;
Тармақша 10
10) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
Тармақша 11
11) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестiреді;
Тармақша 12
12) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкiл болады;
Тармақша 13
13) мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;
Тармақша 14
14) Заңда, Қазақстан Республикасының заңнамасында, мәслихат регламенті мен шешімінде көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды.
Тармақ 20
20. Мәслихатының төрағасы болмаған кезде оның өкілеттігін мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірінің тұрақты негізде жұмыс істейтін төрағасы уақытша жүзеге асырады.
Тарау 4. 4. Шымкент қаласы мәслихаты аппаратының мүлкі
4. Шымкент қаласы мәслихаты аппаратының мүлкі
Тармақ 21
21. Шымкент қаласы мәслихатының аппараты заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. Шымкент қаласы мәслихаты аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Шымкент қаласы мәслихатының аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Шымкент қаласы мәслихатының аппараты өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Шымкент қаласы мәслихатының аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату
5. Шымкент қаласы мәслихатының аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Шымкент қаласы мәслихатының аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.