О внесении изменений в решение Южно-Казахстанского областного маслихата от 27 июня 2001 года за № 11/127-ІІ "Об установлении границ зон и поправочных коэффициентов, применяемых к базовым ставкам платы за земельные участки в городах областного значения Южно-Казахстанской области" Қолданыста
Басқа 0
"Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларында аймақтардың шекаралары мен жер телімдері үшін ақы төлеудің базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2001 жылғы 27 маусымдағы № 11/127-ІІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. «Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларында аймақтардың шекаралары мен жер телімдері үшін ақы төлеудің базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2001 жылғы 27 маусымдағы № 11/127-ІІ шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 326-нөмірімен тіркелген, 2001 жылғы 2 тамызда «Оңтүстік Қазақстан» газетінің 94- нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің атауы келесі редакцияда жазылсын:
«Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларында бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы»;
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларында бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлем ақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері 1 және 2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
«Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларында бағалау аймақтарының шекаралары»;
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
«Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларында жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына қолданылатын түзету коэффициенттері».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.