О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Костанайской области от 27 сентября 2001 года № 137 «Об утверждении Правил использования средств резерва акимата Костанайской области» (регистрационный № 1065) Күшін жойған
Басқа 0
Қостанай облысы әкімиятының 2001 жылғы 27 қыркүйектегі № 137 «Қостанай облысы әкімияты резервінің қаражаттарын пайдалану ережесін бекіту туралы» (тіркеу № 1065) қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 10.02.2005 № 38 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі «Бюджет жүйесі туралы» Заңына сәйкес келтіру мақсатында Қостанай облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы әкімиятының 2001 жылғы 27 қыркүйектегі № 137 «Қостанай облысы әкімияты резервінің қаражаттарын пайдалану ережесін бекіту туралы» (нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 2001 2 қарашада № 1065 болып тіркелген) қаулыдағы қосымшаға келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ, 4-абзацтағы «бюджеттер» сөзінен кейін «кассалық алшақтықтың орнын толтыру» сөздерімен толықтырылсын;
6-тармақтағы «Қостанай облысы әкімиятының арнаулы резервінен» сөздерінен кейін «кассалық алшақтықтың орнын толтыру» сөздерімен толықтырылсын;
5-бөлімнің тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
«5. Кассалық алшақтықтың орнын толтыру үшін төменгі бюджеттерді несиелеуге арнаулы резервтен қаражаттар бөлу және пайдалану.»
5-бөлім келесі редакцияда жазылсын:
14. Кассалық алшақтықтың орнын толтыру үшін бюджеттерге кредит беру арнайы резервтен қаражат бөлу үшін аудандар мен қалалардың әкімдері Қостанай облысының әкімиятына тиісті негіздеулер мен есептеулер бойынша (қосымшаға сәйкес) Қостанай облысы әкімиятының резервінен қаражат бөлу туралы өтініштер ұсынады.
15. Қостанай облысының қаржы департаменті ұсынылған өтініштер негізінде, сондай-ақ, Қостанай облысы әкімиятымен осындай мәселелер бойынша және төменгі бюджеттерге бұрын берілген несиелер туралы мәліметтер жөніндегі бұрын қабылданған қаулыға сүйеніп, кассалық алшақтықтың орнын толтыру үшін төменгі бюджеттерді несиелеу үшін арнаулы резервтен қаражаттар бөлудің мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды береді.
Кассалық алшақтықтың орнын толтыру үшін төменгі бюджеттерді несиелеуге арнаулы резервтен қаражаттар бөлудің міндетті жағдайлары мыналар болып табылады:
1) аудандар мен қалалардың бюджеттерін несиелеу үшін үстіміздегі қаржы жылына облыстық бюджетте қаралған сомалардың болуы;
2) бөлінген қаражатты жергілікті өкілетті органдардың шешімдерімен бекітілген және жергілікті бюджетке түсетін ағымдағы түсімдермен қамтамасыз етілмеген және белгілі бір есеп беру кезеңіндегі жергілікті бюджеттің дефицнтін жыландырмаған жергілікті бюджеттің шығыстарын қаржыландыруға бағыттау;
3) облыстық бюджеттен бұрын берілген несие бойынша жергілікті атқарушы органдардың мерзімі өткен несиелік берешектерінің болмауы.
16. Кассалық алшақтықтың орнын толтыру үшін төменгі бюджеттерді несиелеуге Қостанай облысы әкімиятының арнаулы резервінен ақша бөлу жөніндегі қаулының жобасын аудан, қала әкімдерінің өтініштері бойынша оң тұжырымдамамен Қостанай облысы әкімиятының қарауына Қостанай облысының қаржы департаменті енгізеді.
17. Кассалық алшақтықтың орнын толтыру үшін төменгі бюджеттерді несиелеуге Қостанай облысы әкімиятының арнаулы резервінен несие беру мен қайтарудың тәртібі мен шарттарын Қостанай облысының әкімияты белгілейді.
Бағдарлама әкімгерінің қаражат бөлуі қолданыстағы заңнамаға сәйкес облыстық әкімият және аудан (қала) әкімиятының арасында жасалған несиелік шарт негізінде жүргізіледі.»
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.