О внесении изменений и дополнений в решение областного маслихата от 27 декабря 2001 года № 15/155-II "Об областном бюджете на 2002 год" зарегистрированное в управлении юстиции Южно-Казахстанской области от 9 января 2002 года № 450 Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Оңтүстiк Қазақстан облысының әдiлет басқармасыда 2002 жылғы 9 қаңтарда № 450 тiркелген Облыстық мәслихаттың 2001 жылғы 27 желтоқсандағы "2002 жылға арналған облыстық бюджет туралы" № 15/155-II шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы", "Бюджет жүйесi туралы" Заңдарына сәйкес және облыс әкiмиятының 2002 жылға арналған облыстық бюджеттi нақтылау жөнiндегi ұсыныстарын қарап, облыстық мәслихат ШЕШТI: Облыстық мәслихаттың 2001 жылғы 27 желтоқсандағы "2002 жылға арналған облыстық бюджет туралы" № 15/155 шешiмiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Тармақ 1
1. Аталған шешiмнiң № 1 қосымшасындағы "Денсаулық сақтау" функционалды тобына: 5 9 254 52 "Жергiлiктi деңгейдегi денсаулық сақтау объектiлерiнiң құрылысы" бюджеттiк бағдарламасы енгiзiлсiн. Оның шығыстар сомасы 88211 мың теңге мөлшерiнде бекiтiлсiн; 5 9 254 55 "Коммуналдық меншiктегi денсаулық сақтау объектiлерiн күрделi жөндеу" бюджеттiк бағдарламасындағы "211144" сандары "122933" сандарымен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Аталған шешiмнiң № 3 қосымшасындағы "Денсаулық сақтау" функционалды тобына 5 9 254 52 "Жергiлiктi деңгейдегi денсаулық сақтау объектiлерiнiң құрылысы" бюджеттiк бағдарламасы енгiзiлсiн.