О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 февраля 2001 года № 283 Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.01.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 ақпандағы № 283 қаулысына толықтыру енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.01.2004 № 100 Қаулысымен. Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 ақпандағы N 283 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 8, 83-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: 5-тармақ "Осы қаулы" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының тиісті заңнамалық кесімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заңдар қолданысқа енгізілгеннен кейін күшіне енетін Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігі туралы ереженің 12-тармағының 8) тармақшасынан басқалары," деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2001 жылғы 27 ақпаннан бастап күшіне енеді.