О ходе реализации Постановления Правительства Республики Казахстан от 27 июня 2001 года № 880 «Об утверждении отраслевой программы повышения эффективности управления госимуществом и приватизацией на 2001-2002 годы» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.12.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік мүлікті басқару мен жекешелендірудің тиімділігін арттыру жөніндегі 2001-2002 жылдарға арналған салалық бағдарламаны бекіту туралы» Қаулысын жүзеге асыру барысы туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 31.12.2004 № А-1/332 қаулысымен. Облыста Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 шілдедегі №1095 (№6631) Қаулысымен мақұлданған, Қазақстан Республикасында мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру Тұжырымдамасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 маусымдағы №880 (№9362) Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті басқару мен жекешелендірудің тиімділігін арттыру жөніндегі 2001-2002 жылдарға арналған салалық бағдарламасына, сондай-ақ коммуналдық меншікке жататын акционерлік қоғамдардың мемлекеттік мүліктерін басқару мәселелерін реттейтін заңнамалық, нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жұмыстар жүргізіледі. Мемлекеттік мүлік нысандарының есебін жүргізуді қамтамасыз ету мақсаттарында мемлекеттік кәсіпорындар және мекемелердің, мемлекеттің үлестік қатысуы бар шаруашылық серіктестіктердің тізілімі жасалған. Ақмола облысы аумағында 1689 кәсіпорын тіркелген. Акциялардың мемлекеттік пакеттерінің қозғалысы бойынша ақпараттар жинау және өңдеу бойынша мемлекеттік кәсіпорындарды сату, қайта құру, тарату, мемлекет меншігіндегі жаңа заңды тұлғаларды құру туралы жұмыстар жүргізіледі. Олардың балансындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың мүліктерін мақсатты және тиімді пайдаланылуын тексеру іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Ақмола облысы аумағындағы 56 кәсіпорын тексерілді. Президенттің "Мемлекеттік кәсіпорындар туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 21 мамырдағы Заңымен енгізілген толықтырулар мен өзгертулер, бірде-бір кәсіпорынның құрылтай құжаттарында көрсетілмеген. Кейбір кәсіпорындарда мүліктерге есеп жүргізілуі Қазақстан Республикасының нормативтік актілерінің талаптарына сәйкес емес, оларды мүліктік жалға бергенде, негізгі қаражаттарды есептен шығару тәртіп бойынша орындалмаған. Кәсіпорындар қызметіне талдау жүргізу негізінде жекешелендіру туралы дұрыс шешімдер қабылдауға немесе мемлекеттік меншіктегі мүлікті сақтауға болады. Жекешелендіруден түскен ақша қаражаты жалпы 80840400 теңге құрады, оның ішінде республикалық бюджетке - 46649900 теңге, облыстық бюджетке - 34145500 теңге түсті. Кемшіліктер де бар. Акционерлік қоғамдардың жалпы жиналысы әкімдік өкілдерінің қатысуынсыз өткізіледі. Акциялардың мемлекттік пакеттеріне арналған дивидендтердің түсуін бақылау бойынша аумақтық комитет жеткіліксіз жұмыс жүргізеді. 2001 жылдың қорытындысы бойынша Степногорск қаласының кәсіпорындарынан жергілікті бюджетке дивидендтердің түсу мөлшері 4757919 теңге кұрады, облыстың қалған кәсіпорындары шығынмен жұмыс істеді. Мемлекеттік кәсіпорындарға бекітілген мүлікті сақтау және тиімді басқару нашар қадағаланады. Коммуналдық меншіктегі мемлекеттік тұрғын үй емес қорды мүліктік жалға берудегі жұмыс жеткілікті деңгейде жүргізілмей отыр. Аршалы, Целиноград, Еңбекшілдер аудандарында осы жұмыс төмен деңгейде жүргізілуде. Аумақтық комитетпен келісім-шарттарды рәсімдемей мүлікті жалға бергендіктері жайлы деректер бар. Мемлекттік меншікті басқару тиімділігін арттыру мақсаттарында облыс әкімдігі қаулы етті:
Тармақ 1
1. Қалалар мен аудандардың әкімдері, облыстық басқармалар мен ұйымдар:
Тармақша 1
1) Ведомствоға қарасты аумақтағы кәсіпорындар мен мекемелердің мемлекеттік мүлікті тиімді пайдалану жөніндегі жұмыстарын талдасын.
Тармақша 2
2) Мемлекеттік меншік нысандарын мүліктік жалға беру мониторингін жүргізсін, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың мүліктерін.
Тармақша 3
3) ведомствоға қарасты аумақтағы иесіз мүлікке түгендеу жүргізуге қолдау жасасын;
Тармақша 4
4) жекешелендіру сәтіне дейін мемлекеттік меншік нысандарын сақтауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2001 жылғы 9 сәуірдегі №182 (№1476) бұйрығымен бекітілген, мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне талдау жүргізу Ережелеріне сәйкес, 2002 жылдың қорытындысы бойынша облыстық коммуналдық меншік басқармасы (Шалғынбаев Ж.Қ.), экономика және шағын бизнестін дамыту басқармасы (Г.Қ.Құсайынова), өнеркәсіп және сауда басқармасы (Н.И.Даниленко), ауыл шаруашылық басқармасы (А.С.Үйсінбаев) 2002 жылдың қортындысы бойынша кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық жұмыстарына талдау жасасын.
Тармақ 3
3. Облыстық коммуналдық меншік басқармасы (Шалғынбаев Ж.Қ.) облыс қалалары мен аудандарының әкімдерімен бірлесе отырып қолданылмай тұрған мемлекеттік коммуналдык кәсіпорындарды пайдалану бойынша ұсыныстар енгізсін.
Тармақ 4
4. Ұсынылсын:
Тармақша 1
1) аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру жөніндегі комитетінің төрағасы М.Б.Бекенов мемлекеттің қатысуы бар банкротталған кәсіпорындардың иесіз мүліктерін заңды тұлғаларға бекітіп беру жөніндегі жұмыстарды жандандырсын;
Тармақша 2
2) Салық комитетінің бастығы А.Х.Райымбаев, қаржы бақылау комитеті басқармасының бастығы С.К.Ыбыраев акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттеріне дивидендтердін есептелуін, мемлекеттік кәсіпорындардың таза табыс бөлігінің уақытында және толық аударылуын бақылау бойынша пәрменді шаралар қолдану, сондай-ақ мемлекеттің үлестік қатысуы бар серіктестіктердің таза табысының мемлекеттік бюджетке түсуін бақылауға алсын;
Тармақша 3
3) Ақмола облысы бойынша қарызын өтеуге шамасы жоқ борышкерлермен жұмыс жүргізетін комитет басқармасының бастығы С.К. Саптаев қалалық және аудандық салық комитеттерімен бірлесе отырып бірнеше жылдан бері тоқтап тұрған мемлекеттің үлесі бар кәсіпорындарды қолданылып жүрген заңдарда белгіленген тәртіппен банкроттау процедураларын бастау шараларын жүргізсін.
Тармақ 5
5. Ақмола облысы бойынша аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру жөніндегі комитетінің төрағасы М.Б.Бекенов пен облыстық коммуналдық меншік басқармасының бастығы Ж.Қ. Шалғынбаев 2003 жылдың 1 сәуіріне дейін облыс әкімінің аппаратына осы қаулының орындалу барысы туралы ақпарат тапсырсын.