О внесении изменений и дополнений в решение Южно-Казахстанского областного маслихата от 27 марта 2001 года № 8/96-II "О регламенте Южно-Казахстанского областного маслихата", зарегистрированное в Южно-Казахстанском областном управлении юстиции 21 декабря 2001 года № 430 Күшін жойған
Басқа 0
Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының 2001 жылғы 27 наурыздағы № 8/96-II "Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының регламентi туралы" Оңтүстiк Қазақстан облыстық әдiлет басқармасында 2001 жылдың 21 желтоқсанында № 430 нөмiрiмен тiркелген шешiмiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШТI:
Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының 2001 жылғы 27 наурыздағы N 8/96-П Оңтүстiк Қазақстан облыстық әдiлет басқармасында 2001 жылдың 21 желтоқсанында N 430 нөмiрмен тiркелген "Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының регламентi туралы" (N 430 2001 жылдың 21 желтоқсанында тiркелген, облыстық "Оңтүстiк Қазақстан" газетiнде, 2001 жылдың 27 желтоқсанында және "Южный Казахстан" газетiнде 2001 жылдың 28 желтоқсанында жарияланған, Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 24 қыркүйектегi N 23/216-П шешiмiмен өзгертулер енгiзiлген) шешiмiне төмендегi өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
бекiтiлген аталған шешiммен, Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының регламентiндегi:
барлық регламент бойынша қазақ тiлiнде "тарау" деген сөз "бөлiм" деген сөзбен ауыстырылсын;
"тармақ" деген сөз " тарау" деген сөзбен ауыстырылсын; 10 тармақтағы бесiншi абзац алынып тасталсын;
14-тармақтағы екiншi абзацта "лауазымдық" деген сөзден соң "тұлғалар" деген сөзбен толықтырылсын;
18-тармақ төмендегi редакциямен мазмұндалсын:
"Пленарлық мәжiлiс жұмысының басталар уақыты облыстық мәслихат сессиясы төрағасының шешiмi бойынша, ал мәжiлiстер жұмысының ұзақтығы мен олардың арасындағы үзiлiстер-мәслихаттың шешiмi бойынша өзгертiлуi мүмкiн";
37-тармақтағы екiншi абзацта "орындаушылар" деген сөзден соң "келiсiмiмен" деген сөзбен толықтырылсын";
38-тармақтағы бiрiншi абзацта "облыстық мәслихаттың кезектi сессиясының шақырылымы туралы" қаулыны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау" деген сөздерi осы регламентпен табыс етудiң нақты мерзiмдерi белгiленгендердi қоспағанда "облыстық мәслихаттың кезектi сессиясының шақырылымы туралы шешiм қабылданғаннан соң" деген сөздермен ауыстырылсын;
50-1 тармақпен төмендегi мазмұнда толықтырылсын:
"50-1. Облыстық мәслихаттың ресми жариялауға жататын шешiмi облыстық мәслихаттың қағаз жүзiндегi және электрондық алып жүрушiлердегi нормативтi құқықтық шешiмдердi ресми жариялау құқына белгiленген тәртiпке сәйкес рұқсат алынған соң ғана баспасөз басылымдарына жолданады.
Баспасөз басылымдарына жариялау үшiн жiберiлетiн материалдардың мазмұнына тиiстi тұрақты комиссиялармен жұмыс iстейтiн облыстық мәслихат аппаратының бас мамандары жауап бередi. Жiберiлген техникалық қателiктер мен ағаттықтар үшiн тиiстi баспасөз басылымдары жауап бередi.
Баспасөз басылымдары, келiсiм бойынша, облыстық мәслихаттың нормативтi құқықтық шешiмдерi жарияланған соң өз басылымдарының тиiстi нөмiрлерiнiң екi данасын облыстық мәслихатқа жiберуi тиiс, облыстық мәслихат одан әрi оның бiр данасын Оңтүстiк Қазақстан облысының әдiлет басқармасына жолдайды.
Облыстық мәслихаттың шешiмдерiнiң уақтылы әрi дұрыс жариялануына бақылау жасауды бөлiскен мiндетке сай облыстық мәслихат аппаратының қызметкерi жүзеге асырады."
55-тармақтың екiншi абзацтағы "шақырылым" деген сөзi "шақырым процедурасы" деген сөзбен ауыстырылсын;
64-тармақтың үшiншi абзацтағы "1 шiлде" деген сөзi "15-мамыр" деген сөзбен ауыстырылсын;
66-тармақтың екiншi абзацтағы "орындау тексерiсiнiң нәтижелерi туралы тексеру комиссиясының актiсi" деген сөздерi "орындау туралы есеп бойынша облыстық мәслихат тексеру комиссиясының қорытындысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тарауда аталған "қаралулар" деген сөз "қарау" деген сөзбен ауыстырылсын;
84-тармақ төмендегi редакциямен мазмұндалсын:
"Облыстық мәслихат тұрақты комиссияларының тiзбесi, олардың әрбiрiнiң сандық құрамы облыстық мәслихаттың бiрiншi сессиясында белгiленедi.
Шақырылым аралығында қажет болған жағдайда облыстық мәслихат жаңаларын құруы, iс-қимылдағы тұрақты комиссияларды таратуы әрi қайта ұйымдастыруы мүмкiн.";
103-тармақтың 4-көмекшi тармағындағы "тексерiс" деген сөзден соң "есеп бойынша қорытындылар" деген сөздермен толықтырылсын; 109-тармақтың 1-көмекшi тармағындағы "тексерiс актiсi" деген сөздер "есеп бойынша қорытынды" деген сөздермен ауыстырылсын; 127-тармақтағы "мемлекеттiк органдар" деген сөзден соң "және ұйымдар" деген сөздермен толықтырылсын.