О внесении изменений и дополнений в решение Южно-Казахстанского областного маслихата от 27 марта 2001 года № 8/96-II "О регламенте Южно-Казахстанского областного маслихата", зарегистрированное в Южно-Казахстанском областном управлении юстиции 21 декабря 2001 года № 430 Күшін жойған
Басқа 0
Оңтүстік Қазақстан облыстық әділет басқармасында 2001 жылы 21 желтоқсандағы 430 нөмірмен тіркелген Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2001 жылғы 27 наурыздағы "Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың регламенті туралы" № 8/96-II шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк басқару туралы" N 148 Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШТI:
Тармақ 1
1. Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихаттың 2001 жылғы 27 наурыздағы "Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихаттың регламентi туралы" ( 2001 жылғы 21 желтоқсанда 430 нөмiрмен тiркелген, 2001 жылғы 27 желтоқсанда "Оңтүстiк Қазақстан" және 2001 жылы 28 қаңтарда "Южный Казахстан" газеттерiнде жарияланған Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихаттың 2002 N 30/289-II шешiмдерiмен оған өзгерiстер енгiзiлген) N 8/96-II шешiмiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихаттың осы шешiмiмен бекiтiлген регламентiнде:
Тармақша 1
1) 64 тармақта:
екiншi абзацтағы "республикалық бюджет туралы заң күшiне енгеннен кейiн ең кемi екi апталық мерзiмде" деген сөздер "жоспарланғанға дейiнгi жылдың 15 қазанында" сөздерiмен ауыстырылсын;
үшiншi абзацта "15" саны "1" санына ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) 65 тармақта:
екiншi абзацтағы "кiрiс бөлiгiнiң құрылымы мен шығыс бөлiгiнiң әрбiр бағдарламасы жөнiндегi шифр шешуiмен" деген сөздер "облыстық бюджеттiң түсiмдерi бойынша негiздемелер мен болжамдық есептер, сондай-ақ қолданыстағы заңдылықтармен қарастырылған басқа да материалдар ";
Тармақша 3
3) 67 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 67
"67. Облыстық бюджеттiң жобасы алдын ала облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралады. Тұрақты комиссиялар өз мүшелерiнiң қатарынан жұмысшы топтарды құрады. Жұмысшы топтардың пiкiрiн есепке алып, тұрақты комиссиялар дәйектi айқындалған ұсыныстар мен толықтыруларды ендiрiп, тиiстi дәйектермен және есептермен облыстық бюджет және экономикалық даму мәселелер жөнiндегi тұрақты комиссиясына жолдайды. Бюджет және экономикалық даму мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссия тұрақты комиссиялардан келiп түскен ұсыныстарды жинақтап, облыстық мәслихат сессиясының қарауына енгiзедi. Осыған сәйкес бұл жиынтыққа тек тиiстi негiздемелерi мен есептерi бар ұсыныстар енгiзiледi.
Бюджеттiң жобасына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы депутаттардың ұсыныстары осы түзетулердi енгiзу қажеттiлiгi, олардың әлеуметтiк-экономикалық даму басылымдықтарына сәйкестiгi, оларға есептердi қоса тiркеп, сондай-ақ бюджеттiң жобасында белгiленген бюджет тапшылығының мөлшерiнен асырмай сақтау үшiн қосымша түсiмдердiң, не қысқартылатын шығындардың нақты көздерiн анықтау бойынша ой пiкiрлерi жазбаша түрде қосымша берiлуi керек. Бұл ұсыныстар әдетте, облыстық мәслихаттың бюджет және экономикалық даму мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясында алдын ала қаралуға тиiстi. Олар тiкелей сессияда жарияланса, онда сессияның редакциялық комиссиясы оларды дауысқа салады. Облыстық мәслихаттың сессиясында облыстық бюджеттiң жобасын талдау кезiнде облыс әкiмiнiң, не жергiлiктi өкiлеттi органның өкiлi( өкiлдерi) облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi фискалдық саясат пен тиiстi қаржы жылға жасалған облыстық бюджеттiң жобасы бойынша баяндамасы, сондай-ақ облыстық мәслихаттың бюджет және экономикалық даму мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссияның қосымша баяндамасы тыңдалады.
Әуелгiде тиiстi жылдың облыстық бюджетi туралы шешiмнiң жобасын негiз ретiнде қабылдау туралы мәселе дауысқа түседi. Одан әрi, оңды шешiм қабылданған жағдайда әрбiр өзгерту мен толықтыру жеке-жеке дауысқа салынады. Бұл процедура аяқталғаннан кейiн шешiмнiң жобасы, қабылданған өзгертулер мен толықтырулар ескерiлiп, тұтасымен дауыс беруге қойылады.
Егер дауыс берудiң нәтижесiнде облыстық бюджет туралы шешiмнiң жобасы негiз ретiнде қабылданбаса немесе өзгертулер мен толықтыруларды есепке алып, шешiмдi тұтасымен қабылдау үшiн дауыс беру кезiнде ол депутаттар дауыстарының қажеттi санын жинамаса, онда облыстық бюджет бекiтiлмеген болып есептеледi.
Облыстық бюджет бекiтiлмеген жағдайда облыстық мәслихат сессиясының жұмысында келiсiмдiк процедураларды өткiзу үшiн үзiлiс жарияланады. Бюджеттiң өзге параметрлерiн немесе оның жеке бөлiктерiн келiсудi бюджеттi жасаушылармен бюджет және экономикалық даму мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссия немесе бұл үшiн мәслихат шешiмiмен арнайы құрылған келiстiру комиссиясы өткiзедi.
Облыстық бюджеттi екiншi мәрте қарау осы регламентте белгiленген тәртiпке сай облыстық бюджеттiң жобасы облыстық мәслихатқа қайталап түскен күннен бастап екi аптадан кешiктiрiлмей өткiзiледi.
Облыстық бюджеттi айқындау заңмен және осы регламентте облыстық бюджеттi жасау және бекiту үшiн белгiленген тәртiпте жүзеге асырылады."
Тармақша 4
4) Мына мазмұндағы 67-1 тармақпен толықтырылсын:
Тармақ 67-1
"67-1. Облыстық мәслихат мәслихаттың тексеру комиссиясының облыстық бюджеттiң орындалуы туралы есебiн алғаннан кейiн облыс әкiмиятының облыстық бюджеттiң орындалуы жөнiндегi жылдық есебiн мәслихаттың тұрақты комиссияларында бiр ай iшiнде қарайды.
Есептi қарау кезiнде әкiмияттың өкiлеттi адамының (адамдарының) облыстық бюджеттiң орындалуы туралы баяндамасын, облыстық мәслихаттың тексеру комиссиясы төрағасының облыстық бюджеттiң орындалу барысын бақылау нәтижелерi туралы баяндамасын және облыстық бюджеттiң орындалуы туралы есебi бойынша тұжырымдамасын, облыстық мәслихаттың бюджет және экономикалық даму жөнiндегi тұрақты комиссиясының қосымша баяндамасын тыңдайды.
Есептi қарау кезiнде облыстық мәслихатта жергiлiктi бюджеттiк бағдарламаларға әкiмшiлiк етушiлердiң жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың жүзеге асырылуы туралы есептерi тыңдалуы мүмкiн."
Тармақша 5
5) Мына мазмұндағы 8-1 тараумен және 81-1, 81-2, 81-3, 81-4, 81-5, 81-6, 81-7, 81-8, 81-9, 81-10, 81-11, 81-12, 81-13, 81-14 тармақтармен толықтырылсын:
"8-1 тарау. Сайлау комиссияларын құру және сайлау.
Тармақ 81-1
81-1. Облыстық мәслихат Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiне депутаттар сайлау жөнiндегi облыстық сайлау комиссиясын, округтiк сайлау комиссиясын, Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатына депутаттар сайлау жөніндегi округтiк сайлау комиссияларын сайлайды.
Сайлау комиссиялардың мүшелерiн сайлау жасырын не ашық дауыс беру арқылы өткiзiледi.
Тармақ 81-2
81-2. Сайлау комиссияларының жаңа құрамын құру-сайлау комиссиялары өкiлеттiктерiнiң мерзiмi аяқталғанға дейiн кемiнде екi ай қалғанда басталады және кемiнде үш күн қалғанда аяқталады.
Сайлау комиссияларын құру бойынша жұмыстың басталуы туралы облыстық мәслихаттың хатшысы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлайды. Хабарламада құрылуға жататын сайлау комиссияларының тiзбесi, сайлау комиссиялардың құрамына сайлау үшiн кандидатуралар бойынша ұсыныстар енгiзудiң мерзiмi мен тәртiбi, ұсыныстарды беру мекен-жайы көрсетiледi.
Тармақ 81-3
81-3. Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы ұсыныстарды енгiзу бұл жұмыстың басталуы жөнiндегi ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жарияланған сәтiнен басталады.
Ұсыныстарды енгiзу мерзiмi барлығына бiрдей болып белгiленедi де сайлау комиссиялардың құрылғанына дейiн бiр айдан кем болмауы тиiс.
Ұсыныстар, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының тиiстi ұсынылымдарында анықталған тiзбедегi құжаттар түрiнде енгiзiледi.
Ұсыныстар, оларды беру мерзiмi аяқталатын күннiң 18-00 сағатқа дейiн облыстық мәслихатқа келiп түсуi керек. Тиiстi құжаттардың келiп түскен күнi мен уақыты көрсетiлiп, барлық түсiп жатқан ұсыныстар арнайы тiзбеде тiркеледi.
Мынау, не өзге кандидатура бойынша ұсыныстардың түскен күнi - барлық қажеттi құжаттардың оның iшiнде кандидаттың сайлау комиссияның жұмысына қатысуға келiсiм беру туралы өтiнiшi мәслихатқа келiп түскен күнi болып есептеледi.
Кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келiсiм беру туралы өтiнiшi Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген түрде облыстық мәслихаттың атына берiледi және оған кандидаттың жеке қолы қойылуы тиiс.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген анау, не өзге құжаттары берiлмеген кандидатуралар не кандидаттың өтiнiшi қаралмайды.
Келiп түскен ұсыныстарды жинақтаумен айналысатын депутаттық комиссия өтiнiшке қойылған қолдың растығын қайта тексеруге және оның растығы күмәндi болса, бұл кандидатураны қаралып жатқан ұсыныстардың қатарынан шығарып тастауға құқылы.
Саяси партиялар, қоғамдық бiрлестiктер, облыстық сайлау комиссиясы ұсыныстар енгiзу үшiн белгiленген мерзiм iшiнде ұсынылған кандидатуралар бойынша өзгерiстер енгiзуге құқылы.
Тармақ 81-6
81-6. Сайлау комиссияларының құрамына сайлау үшiн кандидатуралар бойынша ұсыныстары жинау және өңдеудi облыстық мәслихаттың өкiмiмен облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бiрi жүзеге асырады.
Облыстық мәслихаттың хатшысы депутаттар мен облыстық мәслихат аппаратының қызметкерлерiнiң қатарынан уақытша депутаттық комиссия құру туралы өкiм қабылдап, оған осы жұмысты тапсыра алады.
Тармақ 81-7
81-7. Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды дайындау кезiнде, бiрiншi кезекте, саяси партиялардан түскен ұсыныстар қаралады.
Мәслихат белгiлеген мерзiм iшiнде саяси партиялардан ұсыныстар болмаса, онда басқа қоғамдық бiрлестiктердiң және облыстық сайлау комиссиясының ұсыныстары қаралады.
Дауыс берудi өткiзу үшiн депутаттық комиссия әрбiр сайлау комиссиясы бойынша депутаттарға бюллетень дайындайды, оған саяси партиялардан ұсынылған барлық кандидаттар қосылады, қай саяси партиядан, анау, не өзге кандидатура енгiзiлгенi көрсетiледi.
Кандидатуралар бюллетеньге ұсыныстар түскен кезегiне сай тәртiпте енгiзiледi.
Тармақ 81-8
81-8. Саяси партиялардан түскен ұсыныстар, сайлау комиссиясының сайланатын мүшелерiнiң санына тең жағдайда, осы комиссияның құрамына тек қана саяси партиялардың өкiлдерiн сайлауға ұсыныстар сессияға енгiзiледi.
Саяси партиялардан түскен ұсыныстар тиiстi сайлау комиссиясының сайланатын мүшелерiнiң санынан көп болса, сайлау рейтингiлiк дауыс беру арқылы өткiзiледi.
Саяси партиялардан түскен ұсыныстар тиiстi сайлау комиссия мүшелерiнiң белгiленген санынан аз болса, саяси партиялардың барлық кандидатуралары осы сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарға енгiзiледi. Қалған орындарға басқа қоғамдық бiрлестiктер мен облыстық сайлау комиссиясының ұсыныстары қаралады.
Басқа қоғамдық бiрлестiктерден және облыстық сайлау комиссиясынан түскен ұсыныстар қалған орындардың санынан асып кетсе, онда түскен кандидатуралар арасында рейтингiлiк дауыс беру өткiзiледi, ал саяси партиялардың кандидатуралары бойынша дауыс берумен қатар жүзеге асырылады.
Тармақ 81-9
81-9. Рейтингiлiк дауыс берудi облыстық мәслихаттың сессиясында сайланатын тексеру комиссиясы өткiзедi.
Мәслихаттың шешiмi бойынша дауыс беру процедурасын депутаттар ашық түрде залда, орындарында отырып, бюллетеньдермен жұмыс iстеу арқылы немесе мәжілiс залында жасырын дауыс беру үшiн арнайы орнатылған кабиналарда жасырын түрде өткiзiледi.
Дауыс беру, дауыс беретiн кандидаттың аты-жөнiнiң тұсындағы оң жаққа белгi қою арқылы өткiзiледi. Әрбiр депутат анау, не өзге сайлау комиссиясы мүшелiгiне сайланатын кандидаттардың санына ғана дауыс беруге құқылы.
Осы комиссия мүшелiгiне сайланатын кандидаттар санынан көп белгiленген бюллетеньдер жарамсыз деп табылады.
Дауыс беруге қатысқан депутаттар дауыстарының жартысынан көп алғандар қатарынан комиссия мүшелiгiне сайланатындар санына мейлiнше көп дауыс жинаған кандидатуралар сайланған болып есептеледi.
Егер саны аз орынға бiрнеше кандидат тең дауыс жинаса, олардың арасында рейтингiлiк дауыс беру өткiзiледi, оның нәтижелерi жиналған дауыстардың көпшiлiгiмен анықталады.
Тармақ 81-10
81-10. ұсыныстардың жалпы саны комиссияға сайланатын мүшелерiнiң санына тең келсе, мәслихаттың шешiмi бойынша ашық дауыс беру өткiзiлуi мүмкiн.
Тармақ 81-11
81-11. ұсынылған кандидатуралардың саны комиссияға сайланатын мүшелерiнiң сандық құрамына сәйкес келетiн сайлау комиссиясының құрамы бойынша дауыс беру барысында анау не өзге кандидатура дауыс беруге қатысқан депутаттар дауыстарының көпшiлiгiн жинамаса, онда бұл кандидатура сайланбаған болып есептеледi.
Бұл кандидатура сол саяси партияның, басқа қоғамдық бiрлестiктiң, не облыстық сайлау комиссиясының басқа кандидатурасымен ауыстырылуы мүмкiн.
Ауыстыру процедурасы сессия хатшылығына тиiстi құжаттарды беру арқылы жүзеге асырылады.
Қажеттi құжаттар жоқ болған жағдайда жаңа ұсыныстар облыстық мәслихаттың келесi сессияларында қаралады. Бұл процедура тек бiр рет өткiзiледi. ұсынылған кандидатура екiншi рет қайтарылған кезде сайлау комиссиясының мүшесiн сайлау жалпы ережелер бойынша өткiзiледi.
Тармақ 81-12
81-12. Сайлау комиссиясының құрамдарын сайлау қорытындыларын облыстық мәслихаттың хатшысы сайлау комиссиялар мүшелерiнiң мәлiметiне жеткiзедi және оларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
Тармақ 81-13
81-13. Облыстық мәслихатпен сайланған сайлау комиссияларының мүшелерi облыстық мәслихаттың шешiмi бойынша заңмен белгiленген жағдайларда тек сот шешiмiнiң негiзiнде жоғары тұрған сайлау комиссиясының ұсынылымымен, не облыстық мәслихаттың тиiстi тұрақты комиссиясының ұсынысымен комиссия мүшесiнiң мiндеттерiнен босатылады.
Тармақ 81-14
81-14. Сайлау комиссиясы мүшесiнiң босаған қызметiнiң орнын басуға осы сайлау комиссияда өкiлдерi жоқ саяси партиялардан, басқа қоғамдық бiрлестiктерден және облыстық сайлау комиссиясынан ұсыныстар қабылданады және сайлау комиссиялардың мүшелерiн сайлау үшiн осы регламентте белгiленген тәртiпке сай қаралады. Осыған сәйкес ұсыныстарды енгiзу және қарау мерзiмдерi өзгертiлуi мүмкiн."
Тармақ 103
103 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 103
"103. Облыстық мәслихаттың тексеру комиссиясының негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi болып табылады:
Тармақша 1
1) облыс әкiмиятының, облыс бюджетiнен қаржыландырылатын атқарушы органдардың облыс бюджетiнiң түсiмдерi мен шығыстарын атқару сәйкестiгiне, қаржы есептiлiгi мен тиiмдiлiгiне бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) жергiлiктi мемлекеттiк органдардың облыстық бюджетке түсiмдердiң толық және уақтылы келiп түсуiне қатысты мәселелер жөнiндегi қызметiн бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) облыстық бюджеттiң қаражаттары пайдаланудың тиiмдiлiгiн бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) белгiленген мерзiм iшiнде облыстық бюджеттiң орындалуы туралы есеп облыстық мәслихаттың бекiтуiне ұсынылады, ол өз мазмұны бойынша облыс әкiмиятының облыс бюджетiнiң орындалуы туралы есебi жөнiндегi тұжырымдамасы болып табылады.
Тармақша 5
5) облыстық мәслихатқа және облыс әкiмиятына бақылау нәтижелерi бойынша облыстық бюджет қаражаттарының нысаналы емес, негiзсiз және тиiмсiз пайдалану фактiлерi жөнiнде, сондай-ақ облыстық бюджеттiң атқару бойынша жұмыстағы кемшiлiктер туралы ақпарат бередi."
Тармақша 7
7) 104 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 104
" 104. Облыстық мәслихаттың тексеру комиссиясы өз өкiлеттiктерiнiң шеңберiнде:
Тармақша 1
1) iшкi бақылау жөнiндегi орталық өкiлеттi орган табыс еткен жергiлiктi бюджеттiң атқарылуына iшкi бақылау жүргiзу актiлерiне таңдау жасайды және жергiлiктi бюджеттiң атқарылуына iшкi бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде ұсыныстар бередi;
Тармақша 2
2)мемлекеттiк қаржы бақылау объектiлерi лауазымды адамдарының облыстық бюджет қаражаттарын пайдалану кезiндегi iс-әрекеттерiнде қылмыс немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерi, Қазақстан Республикасының заңдарын бұзудың өзге де фактiлерi анықталған жағдайда бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға өкiлеттi органдарға бередi;
Тармақша 3
3) облыстық бюджеттiң атқарылуына ықпал ететiн нормативтiк құқықтық актiлердiң қолданысы жөнiнде ұсынымдар жасап енгiзедi;
Тармақша 4
4) жергiлiктi бюджеттiң атқарылуына бақылау жүргiзуге жергiлiктi мемлекеттiк органдардың тиiстi мамандарын және қажет болған жағдайда, жергiлiктi бюджеттен осы мақсаттарға бөлiнген қаражат шегiнде олардың қызметтерiне ақы төлей отырып, аудиторлық ұйымдардың мамандары мен сарапшыларды тартады;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады."
Тармақша 8
8) 107 тармақта:
Тармақша 3
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақша 3
"3) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк қаржы бақылау объектiлерiнен, белгiленген мерзiм iшiнде жергiлiктi бюджеттiң орындалуына сыртқы бақылау өткiзуге байланысты мәселелер бойынша қажеттi құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсiнiктемелер алады;"
Тармақша 9
9) 108 тармақта:
Тармақша 2
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақша 2
"2) бақылау актiлерде жазылған мәлiметтердiң растылығына, объективтiлiгiне және толықтылығына жауапкершiлiк атқарады;"
Тармақша 3
3) тармақшадағы "құпияларды сақтамағаны үшiн, сондай -ақ оларға құқыққа қайшы келетiн iс-әрекеттерi мен моральдық, яғни материалдық зиян келтiргенi" деген сөздер алып тасталынсын.
Тармақша 10
10) 109 тармақта:
Тармақша 2
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын;
Тармақша 2
"2) белгiлi кезеңдегi бюджеттiң орындалуын бақылау нәтижелерi бойынша жасалған құжат - бақылау актiсi;"
Тармақша 4
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақша 4
"4) қаулы- облыстық бюджеттен қаржыландырылатын барлық атқарушы органдардың және облыстық бюджеттiң қаражаттарын пайдаланатын немесе облыстық бюджеттiң қаражаттарын игерудiң барлық сатыларында қызмет көрсететiн ұйымдардың орындауына мiндеттi болып табылатын және белгiленген тәртiпте қабылданған құжат. "
алтыншы абзац алып тасталынсын, жетiншi абзацтағы "қаулы" деген сөз "бақылау актiлерi" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақша 11
11) 111 тармақта:
екiншi абзацта "тексеру актiсi" деген сөздер "есеп бойынша тұжырымдама" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақша 12
12) 112 тармақта:
екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Облыстық мәслихаттың тексеру комиссиясының мүшелерiне олардың құзырына сәйкес өз қызметтiк мiндеттерiн орындауға бөгет жасау, яғни бақылау өткiзу үшiн рұқсат бермеу, қызметi туралы қажеттi құжаттарды материалдарды және басқа да мәлiметтердi беруден бас тарту, жалған ақпарат беру, бақылауды жүзеге асыруға кедергi жасау, сондай-ақ анықталған бұзушлықтарды жою туралы актiлердi орындамау не тиiстi деңгейде орындамау Қазақстан Республикасының заңдарында қарастырылған жауапкершiлiкке тартылуға жатады. Жауапкершiлiкке тарту облыстық мәслихаттың тексеру комиссиясы төрағасының берген ақпараты негiзiнде облыстық мәслихат қабылдайтын ұсынылым бойынша жүзеге асырылады."
Тармақша 13
13) 120 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 120
"120. Мәслихаттың әрбiр депутатына оның құқықтарын, қадiр-қасиетi мен ар-ожданын қорғау кепiлдiгi берiледi.
Мәслихаттың депутаты депутаттық қызметiнiң мәселелерi бойынша қызметi мемлекеттiк құпияларға байланысты ұйымдардан басқа, тиiстi мәслихаттың аумағында орналасқан мемлекеттiк органдарға, қоғамдық бiрлестiктер мен мемлекеттiк ұйымдарға кедергiсiз баруға құқылы".
Тармақша 14
14) 121 тармақ мынада редакцияда жазылсын:
Тармақ 121
"121. Мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктер мен мемлекеттiк ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды тұлғалары мәслихат депутаттарын тоқтаусыз қабылдап, оларға жүктелген өкiлеттiктердi жүзеге асыруда қажеттi ықпал жасауға мiндеттi."
Тармақша 15
15) 122 тармақтың екiншi абзацында:
"сессияны өткiзу мерзiмiне" деген сөздерден кейiн, "мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен басқа органдарының мәжiлiстерi" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 16
16) 127 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 127
"127. Депутаттық сұрау депутаттың мемлекеттiк органдарының лауазымды тұлғаларына осы лауазымды тұлғаның не ол басқарған мемлекеттiк органның құзырына кiретiн мәселелер бойынша негiзделген түсiнiктеме беру немесе өз көзқарасын бiлдiру өтiнiшiмен ресми түрдегi үндеуi болып табылады".
Тармақша 17
17) 128 тармақ мынада редакцияда жазылсын:
Тармақ 128
"128. Облыстық мәслихаттың депутаты облыстық мәслихаттың құзырына жатқызылған мәселелер бойынша облыс әкiмiне, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшесiне, прокурорға және орталық атқарушы органдарының аумақтық бөлiмшелерiнiң жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының лауазымды тұлғаларына ресми сауал салуға құқылы. Прокурорға салынған сауал қылмыстық қудалануға байланысты болмауы тиiс".
Тармақша 18
18) 129 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 129
"129. Депутаттық сауал жазбаша түрде енгiзiледi және депутаттың қалауы бойынша облыстық мәслихаттың сессиясында жариялануы мүмкiн.
Депутат сауалында, ол өз үндеуiн жолдаған лауазымды тұлғаны нақты көрсетуге, сондай-ақ депутаттық сауалының облыстық мәслихаттың сессиясында қараудың, оған жауап алудың қажеттiлiгiн негiздеуге мiндеттi ".
Тармақша 19
19) 130 тармақта:
"айтылған" деген сөз "жарияланған" деген сөзбен ауыстырылсын.
Тармақша 20
20) 131 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 131
"131. Депутаттық сауалға жауап бiр айдан кем емес мерзiмнiң iшiнде жазбаша түрде берiлуге тиiс.
Егер депутаттық сауалда, оны облыстық мәслихаттың сессиясында қарау қажеттiлiгi атап көрсетiлген болса, онда бұл мәселе тиiстi тұрақты комиссияда алдын ала қаралғаннан кейiн кезектi сессияның күн тәртiбiне енгiзiледi".
Тармақша 21
21) 132 тармақта:
бiрiншi абзац мына мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Депутат сауалға берiлген жауап бойынша өз пiкiрiн бiлдiруге құқылы".
Тармақ 2
2. Осы шешiм, 5) тармақшасынан басқасы, 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi. 5) тармақша осы шешiм ресми түрде жарияланып, он күндiк мерзiмi өткеннен соң күшiне енедi.