О внесении изменений и дополнений в решение Южно-Казахстанского областного маслихата от 27 марта 2001 года № 8/96-II "О регламенте Южно-Казахстанского областного маслихата" Күшін жойған
Басқа 0
"Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының регламентi туралы" Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының 2001 жылғы 27 наурыздағы N№8/96-II шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШТI:
Тармақ 1
1. "Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының регламентi туралы" Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының 2001 жылғы 27 наурыздағы N№8/96-ІІ шешiмiне (облыстық аумақтық әдiлет органында 430 нөмiрмен тiркелген, 2001 жылғы 27 желтоқсанда "Оңтүстiк Қазақстан" және 2001 жылы 28 желтоқсанда "Южный Казахстан" газеттерiнде жарияланған, Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының 2003 жылғы 11 қыркүйектегi N№30/289-ІІ , 2004 жылғы 8 қазандағы N№9/93-ІІІ шешiмдерiмен өзгерiстер енгiзiлген) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
аталған шешiммен бекiтiлген Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының регламентiнiң:
1) 13 тармағында:
бiрiншi абзацтағы "басқару" сөзi "аумақтық органның" сөздерiмен ауыстырылсын;
2) 24 тармағында:
"сессия мәжiлiсiне қатысып отырған депутаттар" деген сөздер "депутаттардың жалпы санынан" сөздерiмен ауыстырылсын;
3) 39 тармағында:
бiрiншi абзац мына редакцияда мазмұндалсын: "бiрлескен облыстық мәслихат шешiмдерi мен облыс әкiмиатының қаулылары заңнамамен ғана белгiленген мәселелер бойынша қабылданады.
Барлық мүдделi органдармен келiсiлiп, шешiм қабылдау үшiн облыстық мәслихатқа енгiзiледi, содан кейiн облыс әкiмиатының қаулысы қабылданады";
4) 50-1 тармағында:
үшiншi абзацта "Оңтүстiк Қазақстан облыстық әдiлет басқармасы" деген сөздер "облыстық аумақтық әдiлет органы" деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 52 тармағында:
бiрiншi абзацтағы "басқармасында" деген сөз "аумақтық органда" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi абзацтағы "аппаратының" деген сөзден кейiн "бас маман-заң кеңесшiсi, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;
мына мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
"Бiрлескен облыстық мәслихат шешiмдерi мен облыс әкiмиатының қаулыларын рәсiмдеу, мемлекеттiк тiркеуге ұсыну және әрi қарай жариялау мәселелерiмен ондай шешiмнiң жобасын жасағандар айналысады";
6) 56 тармағында:
екiншi абзац алынып тасталсын;
үшiншi абзац мына редакцияда мазмұндалсын:
"депутаттардың жалпы саны - қолданыстағы заңнамаларға сәйкес облыстық мәслихат үшiн белгiленген депутаттар саны болып табылады";
7) 63 тармағында:
оныншы абзац алынып тасталсын;
8) мына мазмұндағы 63-1 тармағымен толықтырылсын:
"63-1. Облыстық мәслихатының, оның iшiнде облыс әкiмиатымен бiрiгiп, бұрын қабылданған шешiмдердiң күшiн жою, оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, егер басқа жолы заңмен немесе осы регламентпен белгiленбеген болса, олар қабылданған тәртiп бойынша жасалады";
9) 66 тармағында:
екiншi абзац алынып тасталсын;
10) Мына мазмұндағы 7-1 тараумен және 77-1, 77-2, 77-3 тармақтарымен толықтырылсын:
"7-1 тарау. Облыс әкiмiнiң, оған жүктелген қызметтер мен мiндеттердiң орындалуы туралы есебiн қарау.
77-1. Облыс әкiмiнiң облыстық мәслихаттың депутаттары алдында есеп беруi қажет болған кезде, бiрақ жарты жылда ең кемi бiр рет облыстық мәслихаттың сессиясында өткiзiледi.
Облыс әкiмiнiң есеп беруi облыстық мәслихатының бастамасымен сонымен қатар, облыс әкiмiнiң ұсынысы бойынша өткiзiлуi мүмкiн.
Осы мәселенi сессияның қарауына енгiзу, осы регламентте атқарушы органдардың басшыларының есеп беруi, сондай-ақ облыстық мәслихатының шешiмдерiн енгiзу және қабылдау үшiн белгiленген тәртiп бойынша жасалынады.
77-2. Облыс әкiмiнiң есебi жазбаша түрде, депутаттардың саны бойынша оны сессияда қарауға дейiн екi аптадан кем емес мерзiм iшiнде облыстық мәслихатқа ұсынылады. Бiр уақытта ол бұқаралық ақпарат құралдарында да жариялануы мүмкiн.
Есептi зерттеу, депутаттардың ұсыныстарын жинақтау және шешiмнiң жобасын дайындау үшiн облыстық мәслихаттың хатшысы уақытша депутаттық комиссия құрады.
Есеп және шешiмнiң жобасы алдын ала барлық тұрақты комиссияларда талқыланады.
77-3. Сессияда облыс әкiмiнiң есебiн қарау уақытша депутаттық комиссияның ақпаратын тыңдаудан және депутаттардың сөз сөйлеуiнен басталады. Содан кейiн облыс әкiмi сөз сөйлейдi, ол қажет болса өзiнiң есебiн бұрын атап кетпеген мәселелермен, сондай-ақ оны талқылау кезiнде депутаттар көтерген мәселелермен толықтырады.
Есептi қараудың қорытындылары бойынша облыстық мәслихаттың шешiмi қабылданады, оның орындалуы туралы облыс әкiмi келесi есеп тыңдалуына дейiн облыстық мәслихаттың депутаттарына ақпарат беруге тиiс".
11) 143 тармағында:
бiрiншi абзацта "төрағасына" деген сөзден кейiн "немесе мәслихат депутатына" деген сөздермен толықтырылсын;
12) 145 тармағында:
үшiншi абзацтағы "жұмыстан кетуi" деген сөздер алып тасталсын;
төртiншi абзац алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешiм облыстық аумақтық әдiлет органдарында тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енедi.