О мерах по реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 27 декабря 2002 года N 1390 "Об объявлении моратория на проверки субъектов малого предпринимательства" Күшін жойған
Басқа 0
"Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жариялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы N 1390 қаулысын іске асыру шаралары туралы
"Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жариялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27-желтоқсандағы N 1390 қаулысын орындау үшін Шығыс Қазақстан облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қала және аудан әкімдері, басқармалар, комитеттер, департаменттер және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын басқа да органдар:
Тармақша 1
1) салық тексеруіне негіз болып табылатын салық төлеушінің өтініші, қарсылай салық тексеру және хронометраждық зерттеулер, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында заңнамаларға сәйкес жүргізілетін тексерулер, сондай-ақ конституциялық құрылымды, қоғамдық тәртіпті, адамның құқығы мен бостандығын, халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзуға бағытталған әрекеттердің алдын-алу үшін жүргізілетін тексерулерден басқа, 2003 жылғы 1-қаңтардан 2003 жылғы 1-қазанға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеру тоқтатылсын;
Тармақша 2
2) Шығыс Қазақстан облысының индустрия, сауда және кәсіпкерлікті қолдау басқармасына (Провкин А.И.) ай сайын мораторийді орындау бойынша шаралар туралы ақпарат берсін.
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан облысының индустрия, сауда және кәсіпкерлікті қолдау басқармасы (Провкин А.И.) мораторий жарияланған мерзім кезінде оның іс-қимыл нәтижелерінің мониторингін жүргізсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ю.П. Швайченкоға жүктелсін.