О реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 27 декабря 2002 года № 1390 «Об объявлении моратория на проверки субъектов малого предпринимательства» Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы № 1390 «Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жариялау туралы» қаулысын іске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 желтоксандағы № 1390 «Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жариялау туралы» қаулысын іске асыру мақсатында Қостанай облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыстың қалалар, аудандар әкімияттары 2003 жылдың 1 қаңтарынан 1 қазанға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексерудің мораторийін сақтауға шаралар қолданылсын.
Тармақ 2
2. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстың атқарушы органдары жоғарыда аталған қаулыны орындауды icкe асырсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.А. Құламбаевқа жүктелсін.