О внесении изменений в постановление акимата области от 27 марта 2002 года № 142 "Об областной комиссии по защите прав несовершеннолетних" Қолданыста
Басқа 0
Облыс әкімиятының 2002 жылғы 27 наурыздағы № 142 «Кәмелетке толмағандар құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссия туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Облыс әкімиятының 2002 жылғы 27 наурыздағы № 142 «Кәмелетке толмағандар құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссия туралы» қаулысымен құрылған кәмелетке толмағандар құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның жекелеген мүшесінің қызмет түрінің өзгеруіне байланысты, облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкімиятының 2002 жылғы 27 наурыздағы № 142 «Кәмелетке толмағандар құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссия туралы» (атырау облысының әділет басқармасында 2002 жылғы 18 сәуірде № 921 тіркелген, облыстық әкімиятының 2002 жылғы 14 қазандағы № 253 қаулысымен өзгерістер енгізілген) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
кәмелетке толмағандар құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның құрамына енгізілсін:
Әліпов Данияр Ибрагимұлы – облыс әкімі аппаратының мемлекеттік –құқықтық және әскери – жұмылдыру жұмысы бөлімінің жетекші маманы, хатшы;
Көрсетілген құрамнан суханова Гүлдана Ыбырайқызы шығарылсын.