О внесении изменений в постановление акимата области от 27 марта 2002 года № 142 "Об областной комиссии по защите прав несовершеннолетних" Қолданыста
Басқа 0
Облыс әкімиятының 2002 жылғы 27 наурыздағы № 142 "Кәмелетке толмағандар құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссия туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 37 бабына сәйкес және кәмелетке толмағандар құқығын қорғау жөніндегі облыстық комиссия хатшысының қызмет түрінің өзгеруіне байланысты облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкімиятының 2002 жылғы 27 наурыздағы № 142 "Кәмелетке толмағандар құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссия туралы" қаулысына (2002 жылғы 18 сәуірде № 921 Атырау облысы Әділет басқармасында тіркелген; 2002 жылғы 8 қарашадағы № 1192 Атырау облысы Әділет басқармасында тіркелген облыс әкімиятының 2002 жылғы 14 қазандағы № 253 қаулысымен, 2003 жылғы 7 қарашадағы № 1701 Атырау облысы Әділет басқармасында тіркелген 2003 жылғы 29 қыркүйектегі № 198 қаулысымен өзгерістер енгізілген және 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 7 "Прикаспийская коммуна", 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 7 "Атырау" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін.
1 қосымшада:
кәмелетке толмағандар құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссия құрамына енгізілсін:
Қуанышева Айнагүл Қуанышқызы
- облыс әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық
және әскери-жұмылдыру жұмысы бөлімінің
жетекші маманы, хатшысы;
аталған құрамнан Әліпов Данияр Ибрагимұлы шығарылсын.
2 қосымшада:
кәмелетке толмағандар құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссия туралы Ереженің 9 тармағында:
"тоқсанына екі рет" деген сөздер "тоқсанына бір рет" деген сөздермен алмастырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Қ.Мүрсәлиеваға жүктелсін.