О внесении изменений в постановление от 27 декабря 2002 года № 256 «Об оказании материальной помощи» Күшін жойған
Басқа 0
2002 жылғы 27 желтоқсандағы «Материалдық жәрдем көрсету туралы» № 256 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2002 жылғы 27 желтоқсандағы «Материалдық жәрдем көрсету туралы» № 256 (17 қаңтар 2003 жылғы тіркеу № 1920, 2003 жылы 1 ақпандағы № 5 «Теректі жаңалығы – Теректинская новь» газетінде жарияланған) қаулысының № 2 қосымшасына өзгерістер енгізілсін:
Материалдық жәрдем көрсету жөніндегі аудандық комиссияның құрамына енгізілсін:
Төремұратова Жансұлу Менешқызы – еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары,
Қабашев Әнуарбек Бақтыгерейұлы – аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі, комиссия мүшесі,
Аманбаев Талғат Кенжеұлы – аудандық пошта байланысы басқармасының бастығы, комиссия мүшесі (келісім бойынша)
Наурызғалиев Құспан Наурызғалиұлы – аудандық денсаулық сақтау бөлімінің бастығы, комиссия мүшесі.
Тармақ 2
2. Материалдық жәрдем көрсету комиссиясының құрамынан Әубакиров Әсет Сәбитұлы, Идашев Берік Төлегенұлы, Жұмалиева Светлана Айдарбекқызы, Ғаниева Шолпан Мазанқызы шығарылсын.