О внесении изменений в постановление акимата города Рудного от 27 ноября 2002 года № 854 «Об утверждении правил о порядке и условиях финансирования общественных работ», номер государственной регистрации 1929 Күшін жойған
Басқа 0
Рудный қаласы әкімиятының 2002 жылғы 27 қарашадағы № 854, мемлекеттік тіркеу нөмірі 1929 «Қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың тәртібі және талаптары жөніндегі ережелерді бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 13) тармақшасының негізінде Рудный қаласы әкімиятының 2002 жылғы 27 қарашадағы № 854 қаулысын «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 3-тармағы 4) тармақшасына сәйкес келтіру мақсатында Рудный қаласының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
Рудный қаласы әкімиятының 2002 жылғы 27 қарашадағы № 854 «Қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың тәртібі және талаптары жөніндегі ережелерді бекіту туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 1929, «Рудненский рабочий» газетінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы № 3) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
қаулының атауы келесі редакцияда баяндалсын:
«Қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібі жөніндегі нұсқау туралы»;
қаулының және қосымшаның мәтініндегі «ережелер», «ережелерде», «ережелерінің» сөздері «нұсқау», «нұсқауда», «нұсқаудың» сөздерімен ауыстырылсын;
осы қаулымен бекітілген қосымшаның 9-тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
«Жұмыс берушілердің қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбекақыларын төлеуге арналған шығыстары Рудный қаласы әкімиятының қаулысымен белгіленген мөлшерді (қалалық) бюджеттен қайтарылады. Бюджет қаражаттары жұмыс берушілердің есеп шоттарына аударылады.».