О внесении изменения в постановление акимата от 27 ноября 2002 года № 854 «Об инструкции о порядке и условиях финансирования общественных работ» Күшін жойған
Басқа 0
Әкімдіктің 2002 жылғы 27 қарашадағы № 854 «Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру тәртібі және талаптары жөніндегі нұсқаулық туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес, Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Рудный қаласы әкімдігінің 2002 жылғы 27 қарашадағы № 854 «Қоғамдык жұмыстарды қаржыландыру тәртібі және талаптары жөніндегі нұсқаулық туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 1929, 2003 жылғы 10 қаңтарда «Рудненский рабочий» газетінде № 3 жарияланған, Рудный қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 24 желтоқсандағы № 838 «Әкімдіктің 2002 жылғы 27 қарашадағы № 854 «Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру тәртібі және талаптары жөніндегі нұсқаулық туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы», мемлекеттік тіркеу нөмірі 2709, 2004 жылғы 11 ақпанда «Рудненский рабочий» газетінде № 11-12 жарияланған қаулысымен, Рудный қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 27 маусымдағы № 520 «Әкімдіктің 2002 жылғы 27 қарашадағы № 854 «Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру тәртібі және талаптары жөніндегі нұсқаулық туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-2-58, 2006 жылғы 23 тамызда «Рудненский рабочий» газетінде № 68 жарияланған қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру тәртібі және талаптары жөніндегі нұсқаулықта:
9-тармақ мына редакцияда жазылсын:
«Қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбекақысын төлеуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде әлеуметтік салықты және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды төлеуге арналған жұмыс берушілердің шығыстары жергілікті (қалалық) бюджет қаражаттарынан өтеледі. Бюджет қаражаттары жұмыс берушілердің есеп шоттарына аударылады.
Тармақ 2
2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.