О внесении изменений в постановление акимата города Рудного от 27 ноября 2002 года № 855 "Об утверждении правил организации и финансирования социальных рабочих мест", номер государственнной регистрации 1932 Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Рудный қаласы әкімиятының 2002 жылғы 27 қарашадағы № 855 "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережелерін бекіту туралы", мемлекеттік тіркеу нөмірі 1932 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Рудный қаласы әкімиятының 2002 жылғы 27 қарашадағы № 855 қаулысын орындау мақсатында "Нормативтік-құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 3-тармағы 4-тармақшасына сәйкес Рудный қаласының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
Рудный қаласы әкімиятының 2002 жылғы 27 қарашадағы № 855 "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережелерін бекіту туралы" (2003 жылғы 15 қаңтардағы № 4 "Рудненский рабочий", мемлекеттік тіркеу нөмірі 1932) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) қаулының атауы келесі редакцияда баяндалсын: "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқау туралы";
Тармақша 2
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Ережелері қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
Басқа 4
Рудный қаласы әкімиятының 2003 жылғы 24 желтоқсандағы № 837 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқау
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Нұсқау халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін анықтайды, әлеуметтік жұмыс орындарын беретін ұйымдармен (меншік үлгісіне қарамастан) ұйымдармен есеп айырысу мен негізгі жағдайларды реттейді.
Тармақ 2
2. Осы Нұсқауда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) Әлеуметтік жұмыс орны - жұмыс берушілердің жұмысқа қабылдаған қызметкерлерге еңбекақы төлеген шығынын жергілікті бюджет есебінен ішінара өтеп, халықтың нысаналы топтарының ішіндегі жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілердің жазбаша келісімімен берілетін жұмыс орны;
Тармақша 2
2) Нысаналы топтар - "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңымен белгіленген, жұмысқа орналасуда қиыншылдық көріп жүрген және әлеуметтік көмекті қажет ететін адамдар топтары.
Тармақ 3
З. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамтамасыз ету және қамсыздандыру туралы заң шығару актілері тарайды.
Тармақ 4
4. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарына әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуға жәрдемдеседі.
Тармақ 2
Тарау 2. 2. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру және ұйымдастыру тәртібі
2. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру және ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 5
5. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмысқа қабылданған жұмыссыздарға еңбекақы шығынын жергілікті (қалалық) бюджет қаражаты есебінен ішінара өтеумен өз қаражатынан қаржыландырылып, жұмыс берушілермен анықталады немесе құрылады.
Тармақ 6
6. Қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы жұмыс берушілермен әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарына еңбекақы шығынына ішінара өтемді төлеуге қызмет көрсету жөнінде шарт жасасады.
Тармақ 7
7. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру мақсатымен және олардың еңбегіне ақы төлеуге белгіленген бюджет қаражаты тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында қала әкімияты жұмыс берушілердің жазбаша келісімімен халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құрған немесе берген ұйымдардың тізімін анықтайды.
Тармақ 8
8. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру, қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен келісімге сәйкес ұйымдарда жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға нысаналы топтарға жататын аз қамтылған жұмыссыздар басымдық құқыққа ие.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру жағдайлары және көздері
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру жағдайлары және көздері
Тармақ 10
10. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа қабылданған жұмыссыздарға еңбекақы төлеу және еңбек шартына сәйкес және орындалған жұмыстың күрделілігі мен сапасына,санына байланысты жұмыс берушілермен ай сайын жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың әрқайсысына жұмыс істеген уақытына еңбек ақысына төленген жұмыс берушілердің шығыны жергілікті (қалалық) бюджеттен ең төменгі жалақының 50 пайыз көлемінде алты айға дейінгі мерзімге өтеледі. Бюджет қаражатын аудару жөніндегі есеп айырысу жұмыс берушінің есеп шотына жүргізіледі.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға жергілікті (қалалық) бюджет қаражатынан төленетін еңбекақыға заңнама белгілеген тәртіппен салық салынады.
Тармақ 13
13. Жұмыс берушілер жергілікті (қалалық) бюджеттен түскен ақшаны әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздарға еңбекақыға шыққан шығындарын өтеуге пайдаланады.
Тармақ 14
14. Жұмыс берушілер жергілікті (қалалық) бюджет қаражатынан еңбекақылары бойынша шығыстарды қайтару үшін қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына жұмысқа жаңадан қабылданғандар жөніндегі бұйрықтан көшірме, жұмыс уақытын есептеу табелін, жалақы есептеудің ведомость-есебін, орындалған жұмыстардың актісін ұсынады. Көрсетілген құжаттарды беру мерзімі әлеуметтік жұмыстарға орналасуда қызмет көрсету жөніндегі шартпен регламенттеледі.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бақылау
4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бақылау
Тармақ 15
15. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқауды сақтауға бақылау жасауды заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдармен жүзеге асырылады.