О внесении дополнений в постановление акимата от 27 ноября 2002 года № 855 «Об инструкции по организации и финансированию социальных рабочих мест» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.04.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әкімдіктің 2002 жылғы 27 қарашадағы № 855 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулық туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы «Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5, 7-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына сәйкес және жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар белгілеу мақсатында Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
Әкімдіктің 2002 жылғы 27 қарашадағы № 855 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулық туралы" (мемлекеттік тіркеу нөмірі 1932, 2003 жылғы 15 қаңтарда «Рудненский рабочий» газетінде № 4 болып жарияланған, Рудный қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 24 желтоқсандағы № 837 «Рудный қаласы әкімдігінің 2002 жылғы 27 қарашадағы № 855 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулық туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысымен өзгерістер енгізілген, мемлекеттік тіркеу нөмірі 2695, 2004 жылғы 28 қаңтарда «Рудненский рабочий" газетінде № 7 болып жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулықта: 2-тармақ келесі мазмұндагы 3-тармақшамен толықтырылсын: «Жастар практикасы — практикалық тәжірибе, білім, икемділік және дағды беру мақсатында жұмыссыздар санынан 24 жасқа дейінгі бастауыш, орта және жоғары кәсіптік оқу орындарының түлектерін әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру"; келесі мазмұндағы 11-1-тармағымен толықтырылсын: «жастар практикасына» 6 айдан аспайтын мерзімге қабылданған жұмыссыздарға еңбекақыларын төлеуге жұмыс берушілердің шығындары жергілікті (қалалық) бюджет қаражаттары есебінен, нақты жұмыс істеген уақыты үшін ең төменгі жалақы көлемінде қайтарылады».