О внесении изменений в постановление акимата от 27 ноября 2002 года № 855 «Об инструкции по организации и финансированию социальных рабочих мест» Күшін жойған
Басқа 0
Әкімияттың 2002 жылғы 27 қарашадағы № 855 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулығы туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағына, Қостанай облысы әкімдігінің 2005 жылғы 26 тамыздағы № 291 «Облыс әкімдігінің кейбір қаулыларының күштерін жойды деп тану туралы» қаулысына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
Әкімияттың 2002 жылғы 27 қарашадағы № 855 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулығы туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 1932, 2003 жылғы 15 қаңтарда № 4 «Рудненский рабочий» газетінде жарияланған, Рудный қаласы әкімиятының 2003 жылғы 24 желтоқсандағы № 837 «Рудный қаласы әкімиятының 2002 жылғы 27 қарашадағы № 855 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережелерін бекіту туралы» қаулысына өзғерістер енгізу туралы» қаулысымен өзгерістер енгізілген, мемлекеттік тіркеу нөмірі 2695, жылғы 28 қаңтарда № 7 «Рудненский рабочий» газетінде жарияланған, Рудный қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 26 сәуірдегі № 248 «Рудный қаласы әкімиятының 2002 жылғы 27 қарашадағы № 855 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулығы туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысымен өзгерістер енгізілген, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-2-8, 2005 жылғы 25 мамырдағы № 40 «Рудненский рабочий» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Қаулының кіріспесөзбасындағы «Қостанай облысы әкімиятының 2002 жылғы 2 мамырдағы № 102 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережелері туралы, № 1510, негізінде» алынып тасталсын.