О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 февраля 2003 года N 209 Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 27 ақпандағы N 209 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Таратылған Жол қорының негiзгі борышын өтеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 27 ақпандағы N 209 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 9, 105-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Таратылған Жол қорының негiзгi борышын өтеу ережесiнде: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "1. Осы Ереже 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетудi) жеткiзушiлердiң немесе олардың құқықтық муратерлерінің (бұдан әрі - Жеткiзушi) алдында, қуралған әрi 2003 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өтелмеген, сондай-ақ "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - "Қазақавтожол" РМК) және оның облыстық филиалдары сот актiлерi бойынша жеткiзушiлерге төлеген "Қазақавтожол" РМК-ның теңгерiмiнде есепке алынған, таратылған Жол қорының негiзгi борышын (бұдан әрі - борыш) өтеу тәртiбiн айқындайды"; 5-тармақ мынадай мазмұндағы 8), 9), 10) тармақшалармен толықтырылсын: "8) 3-қосымшаға сәйкес 2003 жылғы 1 қаңтарға дейiн күшiне енген сот актiлерi бойынша борышы өтелген жеткiзушiлердiң тiзiлiмiн; 9) "Қазақавтожол" РМК-ның және филиалдарын есеп айырысу шоттарынан таратылған Жол қорының мiндеттемелерi бойынша кредиторлық берешектi өндiрiп алу туралы 2003 жылғы 1 қаңтарға дейiн күшiне енген сот актілерiнiң көшiрмелерiн; 10) негiзгi борышты және ол бойынша шығындарды өндiрiп алуды растайтын мынадай құжаттарды: жеткiзушілермен жасалған шарттардың көшiрмелерiн; жеткiзушiлер бөлінісінде борышты ажырата отырып, борышты өндiрiп алуға дейiнгi және одан кейiнгi филиалдың бухгалтерлiк теңгерiмiнiң көшiрмесiн; негізгi борышты өндiрiп алуға дейінгі және одан кейінгі филиалдың N 6 ордер журналының көшiрмесiн; негізгі борышты өндiрiп алуға дейінгi және одан кейiнгі филиалдың бас кiтабынан нотариалды түрде куәландырылған үзіндіні; 2003 жылғы 1 қаңтарға дейiн орындалған төлем және инкассалық тапсырмаларды"; 6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "1) осы Ереженiң 5-тармағында көрсетiлген құжаттарды"; осы қаулыға қосымшаға сәйкес көрсетiлген Ережеге 3-қосымшамен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Басқа 0. 2003 жылғы 1 қаңтарға дейін күшіне енген сот актілері бойынша борышы өтелген жеткізушілердің тізілімі
Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы N 1321 қаулысына қосымша Ережеге 3-қосымша ______________________ ______________________ сомадағы тізілімді бекітемін ______________________ (қолы) (Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің басшысы) ____жылғы "___"_______ 2003 жылғы 1 қаңтарға дейін күшіне енген сот актілері бойынша борышы өтелген жеткізушілердің тізілімі 2003 жылғы "___" __________ ___________________________________________________________________ Р/с N | Жеткізушінің атауы | Орналасқан орны | Сот шешімі бойынша       |                    |                 | өндіріліп алынатын       |                    |                 |    сома (теңге) ___________________________________________________________________    1            2                   3                    4 ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________        Барлығы ___________________________________________________________________ Мыналар осы тізілімге қоса беріледі: 1. ________________________________________________________________ 2. ________________________________________________________________ 3. ________________________________________________________________ "Қазақавтожол" РМК-ның филиалы                  Комитет _______________________________        ________________________ _______________________________        ________________________   (басшының Т.А.Ә., қолы)               (басшының Т.А.Ә., қолы) _______________________________        ________________________ _______________________________        ________________________ (бас бухгалтердің Т.А.Ә., қолы)     (бас бухгалтердің Т.А.Ә., қолы) м.о.                                м.о. "Қазақавтожол" РМК-ның филиалы _______________________________   (басшының Т.А.Ә., қолы) _______________________________ _______________________________ (бас бухгалтердің Т.А.Ә., қолы) м.о.