О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 октября 2003 года N 371 "О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 августа 2000 года N 331 "Об утверждении Правил выпуска и использования платежных карточек в Республике Казахстан", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под N 1260, а также в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 23 дек Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.11.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде N 1260 тіркелген "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 24 тамыздағы N 331 қаулысына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2158 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Микропроцессорлық карточкалар негізінде төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесінің қызмет ету ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 510 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы N 371 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Екінші деңгейдегі банктерге Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындау бойынша қажетті іс-шаралар өткізуге мүмкіндік беру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1260 тіркелген "Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 24 тамыздағы 331 қаулысына , сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2158 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Микропроцессорлық карточкалар негізінде төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесінің қызмет ету ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 510 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы N 371 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2158 тіркелген, 2003 жылғы 4 желтоқсанда "Казахстанская правда" және 2003 жылғы 6 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" күн сайынғы республикалық газеттерде жарияланған), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 31 мамырдағы N 80 қаулысымен бекітілген өзгерісімен бірге (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2907 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: 3-тармақтағы "2005 жылғы 1 қаңтардан бастап" деген сөздер "2005 жылғы 1 шілдеден бастап" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне, "Ұлттық процессинг орталығы" акционерлік қоғамына, екінші деңгейдегі банктерге және Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығына жіберсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін шаралар қабылдасын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.Р.Елемесовке жүктелсін.