О внесении дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 октября 2003 года N 381 "Об утверждении Правил осуществления центральным депозитарием деятельности на рынке ценных бумаг" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.05.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Орталық депозитарийдің бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы N 381 қаулысына толықтыру енгізу туралы "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасында банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 75-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Орталық депозитарийдің бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы N 381 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2586 тіркелген, "Вестник Национального Банка Казахстана" 2003 жылғы N 24 баспасөз басылымында жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Орталық депозитарийдің бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыру ережесінде: 3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: "Орталық депозитарий банк шоттарын ашу және оларды жүргізу операцияларын жүзеге асырған кезде банкаралық ақша аудару жүйесінің пайдаланушысы деген мәртебесі жоқ брокерлер-дилерлер орталық депозитарийдің клиенттері болып табылады.".
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
Тармақ 3
3. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалардың бірлестігіне және орталық депозитарийге жіберсін.
Тармақ 4
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.