О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 октября 2003 года N 384 "Об утверждении Инструкции о требованиях, предъявляемых к заявителю, и перечне документов, прилагаемых к заявлению о выдаче лицензии на проведение аудита банков, страховых (перестраховочных) организаций и накопительных пенсионных фондов" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.05.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Өтініш берушіге қойылатын талаптар және банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитін жүргізуге лицензия беру туралы" өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы N 384 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитін лицензиялауды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді одан әрі жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Өтініш берушіге қойылатын талаптар және банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитін жүргізуге лицензия беру туралы өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы N 384  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2579 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 24 басылымдарында 2003 жылғы 17-30 қарашада жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3114 тіркелген, Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 244  қаулысымен  енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулының 1-қосымшасында: Өтініш берушіге қойылатын талаптар және банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитін жүргізуге лицензия беру туралы өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі туралы нұсқаулықта: 6-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақша 8
"8) осы Нұсқаулықтың тиісінше 9, 10 және 10-1-тармақшаларындағы талаптардың орындалуын растайтын мәліметтер;"; 7-тармақтың 6) тармақшасында "кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесінің" деген сөздердің алдында "соңғы бес жылда" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақ 12
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 12
"12. Қазақстан Республикасының заңдарын білуге тестілеу компьютерлік сұрау нысанында аудитордың тест сұрақтарына ұсынылған жауаптарының бірін таңдау арқылы жүзеге асырылады. Тест сұрақтарын уәкілетті органның Төрағасы немесе Төрағаның орынбасары бекітеді және біреуі дұрыс болып табылатын жауаптардың кемінде үш нұсқасы болуы тиіс."; мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
Тармақ 12-1
"12-1. Аудитор тестілеуге келмей қалған жағдайда, ол уәкілетті органға оның болмай қалу себептері туралы тестілеуді өткізу күніне дейін екі күн бұрын хабардар етуге тиіс."; мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
Тармақ 14-1
"14-1. Лицензия беруден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап кемінде бір айдан кейін, бірақ жылына үш реттен артық емес қайталап тестілеуді өткізуге рұқсат беріледі."; мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
Тармақ 17-1
"17-1. Аудиторлық ұйымдар және аудиторлар он күндік мерзімде осы Нұсқаулықтың 6 және 7-тармақтарында көзделген лицензияны алу үшін ұсынылған құжаттардағы өзгерістер жөнінде уәкілетті органды хабардар етеді.".
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
Тармақ 3
3. Лицензиялау басқармасы (Жұмабаева З.С.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
Тармақ 4
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін. Төраға