О внесении изменения в решение маслихата от 27 мая 2003 года № 123 «Об установлении стоимости разовых талонов» Күшін жойған
Басқа 0
Мәслихаттың 2003 жылғы 27 мамырдағы № 123 «Бір жолғы талондардың құнын белгілеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 373-бабының 2-тармағына сәйкес және Федоров ауданы бойынша салық комитетінің ұсынылған орташа күндік хронометраждық тексеру бойынша, Федоров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2003 жылғы 27 мамырдағы № 123 «Бір жолғы талондардың құнын белгілеу туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2334, 2003 жылғы 25 шілдедегі №31 «Федоровские новости» газетінде жарияланған), шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармағының 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«1) азық-түлік және азық түлік емес тауарларды сатуды, дүкенде сауданы ұйымдастыруда -100;».
Тармақ 2
2. Осы шешім 2006 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енеді.