О внесении изменений в постановление акимата области от 27 февраля 2003 года № 59 «О предупреждении и ликвидации чрезвычайных ситуаций в период паводка 2003 года» (регистрационный № 2005) Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.05.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімдігінің «2003 жылдың су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайларды алдын алу және жою туралы» (тіркеу № 2005) 2003 жылғы 27 ақпандағы № 59 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Деркөл, Быков, Бірінші Шежін өзендерінде су деңгейінің айтарлықтай көп көтерілуі Тасқала ауданының Камен, Атамекен, Бірінші Шежін, Кузнецов, Қалмақ Шабын, Зеленов ауданының Зеленый, Хамин, Раздольный елді мекендерінің тұрғындарына материалдық зиян келтірді. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңдарын, облыс әкімдігінің «Жергілікті атқарушы органдары резервін пайдаланудың Ережесін бекіту туралы» 2002 жылғы 1 тамыздағы № 148 қаулысын (тіркеу № 1728), сондай-ақ облыс әкімінің «Төтенше жағдай жариялау туралы» 2003 жылғы 7 наурыздағы № 7 шешімін (тіркеу № 2023) басшылыққа ала отырып, зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкімдігінің «2003 жылғы су тасқыны кезіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою туралы» 2003 жылғы 27 ақпандағы № 59 қаулысының (тіркеу № 2005) № 3 қосымшасына төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) 1-тармақтағы бірінші азат жолдағы 50761 мың теңге саны 45261 мың теңге санымен өзгертілсін;
Тармақша 2
2) төмендегідей мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын: «Зеленый, Раздольный, Хамин елді мекендердегі зақымданған тұрғын жайларды қалпына келтіру, зардап шеккен отбасыларға материалдық көмек көрсету, зиянды өтеу үшін Зеленов ауданының әкіміне - 1 200 мың теңге»;
Тармақша 3
3) төмендегідей мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын: «Камен, Атамекен, Бірінші Шежін, Қалмақ Шабын елді мекендеріндегі зақымданған тұрғын жайларды қалпына келтіру, зардап шеккен отбасыларға материалдық көмек көрсету, зиянды өтеу үшін Тасқала ауданының әкіміне - 4 300 мың теңге»;
Тармақша 4
4) қосымшаның 1-тармағы 9-азат жолындағы «Шаған су қоймасындағы авариялық-қалпына келтіру жұмыстарына арналған 7764 мың теңге» 2264 мың теңгеге өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.П. Качалоға жүктелсін.