О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Мангистауской области от 27 марта 2003 года № 66 "Об утверждении Правил предоставления в имущественный наем (аренду) объектов, находящихся на балансе коммунальных государственных учреждений" (зарегистрировано в Управлении юстиции 25 апреля 2003 года за № 1453) Қолданыста
Басқа 0
Маңғыстау облысы әкiмиятының "Коммуналдық мемлекеттiк мекемелердiң балансындағы объектiлердi мүлiктiк жалға (жалдауға) беру Ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 27 наурыздағы № 66 қаулысына (Әділет басқармасында 2003 жылғы 25 сәуірде № 1453 тіркелді)
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне , "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту туралы" 2004 жылғы 4 қазандағы № 1022 қаулысына сәйкес, облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Маңғыстау облысы әкімиятының "Коммуналдық мемлекеттік мекемелердің балансындағы объектілерді мүліктік жалға (жалдауға) беру Ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 27 наурыздағы № 66 қаулысына (әділет басқармасында 2003 жылғы 25 сәуірде № 1453 болып тіркелген) мынадай толықтырулар мен ґзгерістер енгізілсін:
аталған қаулының қосымшасында:
1, 4 тармақтарындағы "Маңғыстау облысының коммуналдық меншігін басқару жґніндегі Департаменті" деген сґз "Маңғыстау облысының қаржы Департаменті" деген сґзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1 тармағымен толықтырылсын:
"5-1. Қолда бар объектіге ґтінім болмаған жағдайда, мүліктік жалға беру тендер ґткізу жолымен жүзеге асырылады";
7 тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;
8 тармағындағы 2 азат жолдың:
"бойынша ғана" деген сґзден кейін "мынадай жағдайларын қоспағанда:" деген сґздер қосылсын;
мынадай мазмұндағы 4), 5), 6) тармақшасымен толықтырылсын:
"4) мүліктік жалға беру, онда жалдаушы ретінде облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар болса;
5) алаңы 150 шаршы метрге дейін үй-жайларды, теңгерімдік құны 150 есе ең тґменгі есептік кґрсеткіштен аспайтын жабдықты және мемлекеттік басқару органдарының ұсынысы бойынша уәкілетті органның жазбаша келісімімен жүзеге асырылатын курстық сабақтар, конференциялар, семинарлар, концерттер және спорттық іс-шаралар ґткізу үшін бір айдан аспайтын мерзімге оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың үй-жайларын беру;
6) Облыс әкімінің жекелеген шешімдері негізінде жүзеге асырылатын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің жекелеген кешендері мен ғимараттарын мүліктік жалға беру;
Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын оралымды басқару құқығында әрекет ететін мемлекеттік мекеме немесе мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындардан алаңды жалдау тґлемі алынбайды".
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары М.К. Тұрысбековке жүктелсін.