О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 декабря 2004 года N 1395 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1395 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. "Конкурсқа қойылуға жататын жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1395 қаулысына мынадай толықтырулар енгiзілсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурсқа қойылуға жататын жер қойнауы учаскелерiнің тiзбесi:
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 92-6, 115-3, 115-4, 148-1, 151-2, 172-1 және 182-1-жолдармен толықтырылсын:
"92-6 Алтын Кеңжарық кен Қарағанды 49 о 57' 70 о 36' Барлау
орны, 49 о 57' 70 о 42' және
68 шаршы км 49 о 52' 70 о 42' өндiру
49 о 52' 70 о 36'
115-3 Мыс Құндызды кен Ақтөбе Ортасы Өндіру
орны 49 о 06' 58 о 48'
115-4 Мыс Лиманное кен Ақтөбе Ортасы Өндiру
орны 49 о 48' 58 о 42'
148-1 Молибден Шалғия кен Қарағанды 47 о 29' 70 о 36' Барлау
орны, 47 о 35' 70 о 36' және
81 шаршы км 47 о 32' 70 о 43' өндiру
47 о 29' 70 о 43'
151-2 Титан, Обуховское Солтүстiк Ортасы Өндiру
цирконий кен орны Қазақстан 53 о 37' 69 о 19'
16,22 шаршы
км
172-1 Көмiр Кендiрлiк кен Шығыс- 47 о 20' 85 о 18' Барлау
және орнының Батыс Қазақстан 47 о 21' 85 о 17'
жаңғыш учаскесі, 47 о 20' 85 о 21'
тақта- 20 шаршы км 47 о 17' 85 о 20'
тастар 47 о 17' 85 о 19'
47 о 17' 85 о 19'
47 о 20' 85 о 17'
182-2 Бораттар Индерское Батыс Ортасы Өндiру
кен орны Қазақстан 48 о 45' 51 о 53'
102,28 га ".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және жариялануға тиiс.