О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 27 декабря 2004 года N 1508 "О квоте иммиграции оралманов на 2005-2007 годы" Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Оралмандардың 2005 - 2007 жылдарға арналған көшiп келу квотасы туралы" 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1508 Жарлығын iске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Оралмандардың 2005 - 2007 жылдарға арналған көшiп келу квотасы туралы" 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1508 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiмен бiрлесiп, 2005 - 2007 жылдарға арналған республикалық бюджетте осы мақсатқа көзделген қаражат шегiнде көшiп келу квотасына енгiзiлген оралмандарды қабылдауды, жайластыруды және орналасқан жерлерiнде олардың бейiмделуi үшiн жағдай жасауды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп:
Тармақша 1
1) дипломатиялық арналар арқылы тиiстi мемлекеттердiң үкiметтерiне оралмандардың шығуы мен транзиттiк жүрiп өтуi және шығатын мемлекеттердiң шекаралары арқылы өтуi кезiнде оларға жәрдем көрсету мәселелерi жөнiнде өтiнiш жасасын;
Тармақша 2
2) тарихи отанына оралуға тiлек бiлдiрген отандастарымыздың азаматтық және мүлiктiк құқықтарын қорғауға байланысты мәселелердi шет мемлекеттердiң тиiстi органдарымен пысықтасын;
Тармақша 3
3) өзiнiң тарихи отанына мемлекеттiң қаржылай қолдауынсыз қайтып орала алмайтын ұлты қазақ адамдарды ұйымдасқан түрде көшiрудi жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi жыл сайын 1 шiлдеге және 1 ақпанға қарай Қазақстан Республикасының Yкiметiне осы қаулының орындалуы туралы есептi табыс етсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі