О внесении дополнений в постановление акимата от 27 апреля 2004 года N 447 "Об утверждении перечня объектов коммунальной собственности Восточно-Казахстанской области, подлежащих приватизации и ее предварительным стадиям в 2004 году" Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.12.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"2004 жылы жекешелендiруге және оның алдын ала жасалатын сатыларына жататын Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншiк объектiлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" 2004 жылғы 27 сәуiрдегi N 447 әкiмдiк қаулысына толықтырулар енгiзу туралы Шығыс Қазақстан облысының аудандары мен қалалары әкiмдiктерiнiң, сондай-ақ облыстық басқармалар мен департаменттердiң ұсынған қолдаухаттары негiзiнде Шығыс Қазақстан облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. "2004 жылы жекешелендiруге және оның алдын ала жасалатын сатыларына жататын Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншiк объектiлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 27-сәуiрдегi N 447 қаулысына, тiркеу нөмiрi N 1791, 2004 жылғы 22-мамырдағы N 48-49 "Дидар", 2004 жылғы 22-мамырдағы "Рудный Алтай" N 76-77 облыстық газеттерiнде жарияланған Шығыс Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 20-тамыздағы N 547 қаулысына енгiзiлген толықтырулармен, тiркеу нөмiрi N 1929, 2004 жылғы 18-қаңтардағы N 97 "Дидар", 2004 жылғы 16-қаңтардағы "Рудный Алтай" N 141 облыстық газеттерiнде жарияланған қаулысына қосымшаға сәйкес толықтырулар енгiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары А.В.Гречухинге жүктелсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулы мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.
Басқа 4. 2004 жылы жекешелендiруге және оның алдын ала жасалатын сатыларына жататын Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншiк объектiлерiнiң қосымша тiзбесi
Шығыс Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 3 желтоқсандағы N 645 қаулысына қосымша 2004 жылы жекешелендiруге және оның алдын ала жасалатын сатыларына жататын Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншiк объектiлерiнiң қосымша тiзбесi N р/н Объект атауы Объектiнiң орналасқан жерi 1 2 3 95 1993 жылы шыққан, ВАЗ-21093, F 181 АС автокөлiгi Өскемен қаласы (Шығыс Қазақстан облысы iшкi iстер бас басқармасы балансында) 96 1993 жылы шыққан, ВАЗ-21099, F 547 АС автокөлiгi Өскемен қаласы (Шығыс Қазақстан облысы iшкi iстер бас басқармасы балансында) 97 1991 жылы шыққан, УАЗ-3303, F 748 ДК автокөлiгi Өскемен қаласы ( "Шығыс Қазақстан облыстық медициналық бiрлестiгi" коммуналдық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорыны балансында) 98 Алаңы 75,5 ш.м 1-қабаттағы үй-жай Өскемен қаласы, Славский атындағы Ертiс жағалауы, 40 99 Алаңы 41 ш.м 2-қабаттағы үй-жай Өскемен қаласы, Славский атындағы Ертiс жағалауы, 40 100 Асхана ғимараты Өскемен қаласы, Серiкбаев көшесi, 5 101 ТК-148 -ден ТК-9 -ға дейiнгi 700 м жылу жүйесi учаскесi Өскемен қаласы, Ушанов көшесi 102 Алаңы 220 ш.м  үй-жай Өскемен қаласы, Славский атындағы Ертiс жағалауы, 40 103 Алаңы 80 ш.м үй-жай Өскемен қаласы, Славский атындағы Ертiс жағалауы, 50 104 Алаңы 44,9 ш.м үй-жай Өскемен қаласы, Ушанов көшесi,75 105 "Табиғат" коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорны Өскемен қаласы, Абай көшесi, 189 106 "Экспресс" акционерлiк қоғамының 24,55 % мөлшерiнде мемлекеттiк акция пакетi Өскемен қаласы, Головков көшесi, 52 (Горький, 46) 107 Цистерналар саны 5 дана Семей қаласы 108 Алаңы 72 ш.м  үй-жай Риддер қаласы, Қонаев көшесi, 46/1 109 Алаңы 267,4 ш.м жерасты бөлмесi Риддер қаласы, 3-ықшамаудан, 6-үй 110 Құрлысы аяқталмаған 60 пәтерлi тұрғын үй ғимараты Риддер қаласы, Островский көшесi 111 Алаңы 118,6 ш.м үй-жай Аякөз қаласы, Ақтамбердi көшесi, 88 112 Бұрынғы  әкiмшiлiк ғимараты Глубокий ауданы, Предгорный ауылы, Ленин көшесi, 35 113 1990 жылы шыққан, ВАЗ-2121, F 503 АН автокөлiгi Көкпектi ауданы ("Көкпектi ауданы әкiмi аппараты" мемлекеттiк мекемесi балансында) 114 Бұрынғы қонақ үй ғимаратының бөлiгi Күршiм ауданы, Күршiм ауылы, Исабеков көшесi, 28 115 Темiр жол станцияларын сумен-жылумен қамтамасыз ететiн мүлiктiк кешендер Темiр жол станциялары: Предгорный, Черемшанка, Серебрянка, Зырян, Ермаковка, Заводинка, Защита 116 Темiр жол станцияларын сумен-жылумен қамтамасыз ететiн мүлiктiк кешендер Темiр жол станциялары: Семей, Шемонаиха, Шар, Жанғызтөбе Шығыс Қазақстан облысы коммуналдық меншiк басқармасының бастығы