О внесении дополнений в решение маслихата от 27 декабря 2004 года № 113 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи на 2005 год в городе Лисаковске» Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Лисаков қаласындағы 2005 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсет ережелері туралы» 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 113 мәслихат шешіміне толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, «Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі № 949 қаулысына сәйкес, мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Лисаков қаласындағы 2005 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету ережелері туралы» мәслихаттың 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 113 шешіміне, мемлекеттік тіркеу нөмірі 3286, (2005 жылғы 27 қаңтардағы № 4 «Лисаковская новь» газетінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген шешімге қоса беріліп отырған Лисаков қаласындағы 2005 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету ережелеріндегі 20-тармағы мына мазмұндағы сөйлемдермен толықтырылсын: «Телефон үшін ақы тарифінің арттырылуына өтемақы екінші деңгейдегі банктегі алушылардың жеке есепшоттарына аударылады.»
Тармақ 2
2. Осы шешім 2005 жылғы 1 маусымнан бастап күшіне енеді.