О внесении дополнения в решение маслихата от 27 декабря 2004 года № 113 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи на 2005 год в городе Лисаковске» Қолданыста
Басқа 0
«Лисаков қаласындағы 2005 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету ережелерін бекіту туралы» 2004 жылғы желтоқсандағы № 113 мәслихаттың шешіміне толықтыру енгізу туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, «Лисаков қаласындағы 2005 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету Ережелері туралы» Лисаков қаласы әкімиятының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 660 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Лисаков қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 14 қазандағы № 629 қаулысына сәйкес, мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Лисаков қаласындағы 2005 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы» мәслихаттың 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 113 шешіміне, нормативтік құқықтық актілерінде мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 10 қаңтарда 3286 (2005 жылғы қаңтарда № 4 «Лисаковская новь» газетінде жарияланған), мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімге қоса беріліп отырған Лисаков қаласындағы 2005 жылға арналған тұрғын үй көмегін корсету Ережелерінің 10-тармағы мына мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«Қостанай облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Лисаков филиалы» - бірінші және екінші топтардағы мүгедектерге, сексен жастан жоғары зейнеткерлерге және денсаулық жағдайы жайында дәрігердің қортындысы бар зейнеткерлерге жылжымайтын мүліктің бар болуы туралы мәліметтер".
Тармақ 2
2. Осы шешім Қостанай облысы Лисаков қаласының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді өткеннен кейін күшіне енеді.