О внесении изменений и дополнений решение от 27 декабря 2004 года № 13/50-ІІІ «О Правилах благоустройства, соблюдения чистоты организации уборки, санитарной очистки, охраны земель и зеленых насажденийна территории города Курчатова» Күшін жойған
Басқа 0
Қалалық мәслихаттың 2004 жылғы
7 желтоқсандағы «Курчатов қаласының
аумағындағы жерлер мен жасыл алқаптарды
қорғау, жинау, санитарлық тазалауды
ұйымдастыру мен тазалықты сақтау,
жайлыландыру Ережелері туралы» № 13/50-III
шешіміне өзгертулер мен толықтырулар
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабының 1-тармағының 8)-тармақшасына және “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” 2004 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Кодексінің З-бабының 2-тармағына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Курчатов қалалық мәслихатының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 35/50-ІII 13 сессиясының шешімімен бекітілген Курчатов қаласының
аумағындағы жерлер мен жасыл алқаптарды қорғау, жинау, санитарлық тазалауды ұйымдастыру мен тазалықты сақтау, жайлыландыру Ережелеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) Кіріспеде:
бірінші абзац келесі редакцияда мазмұндалсын:
«Осы Ережелер Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңына жэне «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 3, 387 - баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы
тұрғын үй қатынастары туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет,
қала құрылысы және құрылыстық қызмет туралы», «Қазақстан
Республикасындағы тілдер туралы» заңдарына және
Республикасының басқа нормативті - құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді»;
келесі мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«Осы қағидаларды бұзғаны үшін жеке және заңды
жауапкершілік «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»
Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 300,310,311,387
- баптарына сәйкес белгіленеді»;
2 ) 94 - тармақта
8 )-тармақша келесі редакцияда мазмұндалсын:
Тармақша 8
«8) әр түрлі мазмұндағы хабарландыруларды, афишаларды, үндеухаттарды, плакаттарды, хабарламаларды арнайы белгіленбеген орындарда (және басқада орындарға, меншік иесінің рұқсатынсыз) ілуге, желімдеуге, орналастыруға, сондай ақ көше жолдарын және жаяу жүру бөліктерін, құрылыстан бос аумақтарды, үй қабырғаларын, көшені жарықтандыру бағандарын, талдар мен басқа да жалпы пайдалану орындарын қандайда болмасын қоқыстармен ластауға»;
Тармақша 3
3) 95 - тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
Тармақ 95
«95. Осы Ережелерді бұзған кінәлі жеке және заңды тұлғалар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 300,310,311,387- баптарына және Қазақстан Республикасының басқада қолданыстағы заң актілеріне сәйкес жауапкершілікке тартылады. Заң бұзушыларға әкімшілік жауапкершілік шараларын қолдану Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес оларды материалдық шығынның орнын толықтыру және жасалган қылмысты аластату міндетінен босатпайды».
Тармақ 2
2. Осы шешім ШҚО Әділет департаментінің Курчатов қалалық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және 2005 жылдың 1 қарашасынан бастап қолданысқа енеді.