О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Карагандинской области от 27 июля 2004 года № 15/05 «Об утверждении Инструкции о передаче в доверительное управление государственных предприятий и государственных пакетов акций акционерных обществ находящихся в коммунальной собственности Карагандинской области» Күшін жойған
Басқа 0
Қарағанды облысының
коммуналдық меншігіндегі
кәсіпорындар мен акционерлік
қоғамдар акцияларының
мемлекеттік пакеттерін
сенімгерлік басқаруға беру
бойынша Нұсқаулықты бекіту
туралы» Қарағанды облысы
әкімиятының 2004 жылғы
27 шілдедегі №15/05 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар
еңгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қарағанды облысының коммуналдық меншігіндегі кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін сенімгерлік басқаруға беру бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімиятының 2004 жылғы 27 шілдедегі № 15/05 қаулысына (Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 3 қыркүйекте 1606 нөмірімен тіркелген, 2004 жылғы 19 қазандағы №205 (19617) «Орталық Казақстан», 2004 жылғы 16 қазандағы №121 (20052) «Индустриальная Караганда» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) Облыс әкімдігі қаулысының кіріспесі келесі редакцияда баяндалсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Жекешелендіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, «Мемлекеттік республикалық меншік объектілерін сенім білдірілген басқаруға беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Төрағасының 2005 жылғы 12 шілдедегі №265 бұйрығын (тіркеу нөмірі 3779, 2005 жылғы 8 тамыз) басшылыққа алып, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
Тармақша 2
2) Облыс әкімдігі қаулысының атауындағы және 1 тармағындағы «меншігіндегі кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін» сөздері «мемлекеттік объектілерін» сөздерімен ауыстырылсын;
Тармақша 3
3) Аталған қаулымен бекітілген Нұсқаулықта:
Оң жақ жоғарғы бұрыштағы «Қарағанды облысының коммуналдық меншігіндегі кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін сенімгерлік басқаруға беру бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы» сөздері алынып тасталсын;
Атауындағы «меншігіндегі кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін» сөздері «мемлекеттік объектілерін» сөздерімен ауыстырылсын;
1 тармақтың 1 тармақшасындағы «Коммуналдық меншікті басқару және мемлекеттік сатып алу» сөздері «Қаржы» сөзімен ауыстырылсын;
1 тармақтың 3 тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
«3) Объекті – мүлік кешені немесе коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын немесе мемлекеттік мекеменің мүлкі, акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакеті, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына мемлекеттік қатысу үлесі, сондай-ақ сенім білдірілген басқаруға берілетін өзге мемлекеттік мүлік»;
2 тармақтағы «Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 23 желтоқсандағы №2721 «Жекешелендіру туралы» Заң күші бар Жарлығына, 1998 жылғы 22 қазандағы №618 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Департаментінің «Мемлекеттік кәсіпорындарды және акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін сенімгерлік басқаруға беру Қағидасын бекіту туралы» қаулысына (1999 жылғы 26 қаңтарда №676 тіркелді) сөздері «Жекешелендіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік республикалық меншік объектілерін сенім білдірілген басқаруға беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Төрағасының 2005 жылғы 12 шілдедегі №265 бұйрығына (тіркеу нөмірі 3779,2005 жылғы 8 тамыз)» сөздерімен ауыстырылсын;
3 тармақта:
3) Тармақша келесі редакцияда баяндалсын:
«3) Қарағанды облысының экономика және бюджеттік жоспарлау Департаменті»;
5 тармақша келесі редакцияда баяндалсын:
«5) Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп Департаменті»;
келесі мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың өзге де өкілдері»;
18 тармақтағы «сенімгерлік басқаруға берілетін мемлекеттік кәсіпорын, сондай-ақ облыстық қаржы басқармасының және басқа да мүдделі департаменттер мен басқармалардың өкілдерінен» сөздері «сенімгерлік басқаруға берілетін объекті өкілінен» сөздерімен ауыстырылсын;
28 тармақтағы «Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 23 желтоқсандағы №2721 «Жекешелендіру туралы» Заң күші бар Жарлығы» сөздері «жекешелендіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы» сөздерімен ауыстырылсын;
40 тармақтағы «және/немесе акциялардың мемлекеттік пакетін» сөздері алынып тасталсын.
Аталған Нұсқаулықтың 1 косымшасында:
оң жақ жоғарғы бұрыштағы «меншігіндегі кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін» сөздері «мемлекеттік объектілерін» сөздерімен ауыстырылсын;
аталған Нұсқаулықтың 3 қосымшасында:
оң жақ жоғарғы бұрыштағы «меншігіндегі кісіпорында мен акционерлік қоғамдар акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін» сөздері «мемлекеттік объектілерін» сөздерімен ауыстырылсын;
«мемлекеттік кәсіпорынын немесе акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін» сөздері «объектісін» сөзімен ауыстырылсын;
«Коммуналдық меншікті басқару және мемлекеттік сатып алу» және «Коммуналдық меншікті басқару және мемлекеттік сатып алу» сөздері тиісінше «Қаржы» сөзімен ауыстырылсын;
«мемлекеттік кәсіпорынын (акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін)» сөздері «объектісін» сөзімен ауыстырылсын;
3.2.тармақтың:
14) тармақшасында «акцияларының мемлекеттік пакетін» сөздері алынып тасталсын;
17) тармақшасында «акциялардың мемлекеттік пакетінің» сөздері «объектінің» сөзімен ауыстырылсын;
26) тармақшасында «акциялар» сөзінің алдынан «қатысу үлесін» сөздерімен толықтырылсын;
8.2 тармақтағы «акцияларының мемлекеттік пакетін» сөздері алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары И.У. Тоғайбаевқа жүктелсін.