О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 27 ноября 2004 года № 335 "Об утверждении Инструкции о пруденциальных нормативах страховой (перестраховочной) организации, методике их расчетов и представлении отчетов о выполнении пруденциальных нормативов, а также требованиях к степени диверсификации активов страховой (перестраховочной) организации" Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына арналған пруденциалдық нормативтер, оларды есептеу әдістемесі және пруденциалдық нормативтердiң орындалуы жөнiнде есеп беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерін диверсификациялау дәрежесіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекiту жөнiнде" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 335 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасында сақтандыру ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына арналған пруденциалдық нормативтер, оларды есептеу әдістемесі және пруденциалдық нормативтердiң орындалуы жөнiнде есеп беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерін диверсификациялау дәрежесіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекiту жөнiнде" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 335 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3351 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына арналған пруденциалдық нормативтер, оларды есептеу әдістемесі және пруденциалдық нормативтердiң орындалуы жөнiнде есеп беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерін диверсификациялау дәрежесіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықта:
3-тармақта:
1) тармақшада:
"жиырма" деген сөз "он бес" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшада:
екінші абзацта "он" деген сөз "он бес" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзацта "бес" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын;
бесінші абзацта "он" деген сөз "жиырма" деген сөзбен ауыстырылсын;
алтыншы абзацта "он" деген сөз "он бес" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) "өмірді сақтандыру" саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының сақтанушыларына берілетін заемның жиынтық мөлшері сақтандыру ұйымы активтері сомасының он процентінен аспауы тиіс.";
4-тармақта:
5) тармақшада "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) "өмірді сақтандыру" саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының сақтанушыларына берілетін заем - негізгі борыш сомасының жүз проценті мөлшерінде.";
9-тармақта:
9) тармақшадағы "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
"10) сақтанушыларға берілген заемдар ("өмірді сақтандыру" саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары үшін).";
1-қосымшада:
200__ жылғы "_____" ___________ жағдай бойынша пруденциалдық нормативтердiң орындалуы туралы есепте:
"Көрсеткіштің атауы" бағанында:
мынадай мазмұндағы 9.1 деген реттік нөмірмен, жолмен толықтырылсын:
9.1.
Негізгі борыш сомасының 100%
көлемінде сақтанушыларға берілген
заемдар ("өмірді сақтандыру"
саласында қызметін жүзеге асыратын
сақтандыру ұйымдары үшін)
100%
реттік нөмірі 10, жолда "(жолдар сомасы 1.1., 2., 3., 4., 5., 6., 7., 8., 9.)" деген сөздер "(жолдар сомасы 1.1., 2., 3., 4., 5., 6., 7., 8., 9., 9.1.)" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 14, жолда "(жолдар сомасы 1., 2., 3., 4., 5., 6., 7., 8., 9., 11., 12., 13.)" деген сөздер "(жолдар сомасы 1., 2., 3., 4., 5., 6., 7., 8., 9., 9.1., 11., 12., 13.)" деген сөздермен ауыстырылсын;
Активтердi диверсификациялау нормативтерiнiң есебiнде:
"Көрсеткіштің атауы" бағанында:
реттік нөмірі 1, жолда "20 %-нен кем емес" деген сөздер "15 %-нен кем емес" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 2, жолда "10 %-тен аспаса" деген сөздер "20 %-тен аспаса" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 3, жолда "10 %-нен жоғары емес" деген сөздер "15 %-нен жоғары емес" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-жолмен толықтырылсын:
5
Сақтанушыларға берілген заемдардың жиынтық
мөлшері ("өмірді сақтандыру" саласында
қызметін жүзеге асыратын сақтандыру
ұйымдары үшін) (НД8) - баланс бойынша
активтер сомасының 10%-нен астам емес
Активтердi диверсификациялау нормативтерiнiң есебiне берілген түсініктемелерде:
"НД2 - "10%-нен аспайтын" деген сөздер "15%-нен аспайтын" деген сөздермен ауыстырылсын;
"НД4 - "5%-тен аспайтын" деген сөздер "10%-нен аспайтын" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
Тармақ 3
3. Сақтандыру рыногының субъектілерін және басқа қаржылық ұйымдарды қадағалау департаменті (Каримуллин А.А.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
Тармақ 4
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылық байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары К.М.Досмұқаметовке жүктелсін.