О внесении дополнений в постановление акимата города Лисаковска от 27 декабря 2004 года № 664 «Об утверждении Инструкции по организации и финансированию социальных рабочих мест и Перечня организаций, предоставляющих социальные рабочие места для трудоустройства безработных, входящих в целевые группы населения, на 2005 год городу Лисаковску» Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.04.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«2005 жылға арналған Лисаков қаласы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулықты және халықтың нысаналы топтарына кіретін жұмыссыздарды еңбекке орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатың ұйымдардың тізбесін бекіту туралы” Лисаков қаласы әкімиятының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 664 қаулысына толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңынын 31-бабына «Халыкты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңынын 5-бабы 2-тармағына, Қостанай облысы әкімиятының «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулық туралы» 2002 жылғы 2 мамырдағы № 102 қаулысына сәйкес, халықтың нысаналы топтарына кіретін тұлғаларды әлеуметтік қорғау максатында, Лисаков қаласынын әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «2005 жылға арналған Лисаков қаласы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулықты және халықтың нысаналы топтарына кіретін жұмыссыздарды еңбекке орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатың ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Лисаков қаласы әкімиятынын 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 664 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердін мемлекеттік тіркелімінде № 3303 болып тіркелген, 2005 жылғы 10 акпандағы № 6 "Лисаковская новь" газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген каулымен бекітілген әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулыққа мынадай толықтырулар енгізілсін: 2-тармағы мына мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: «практикалық тәжірибені, білімді, іскерлікті және дағдыларды алу мақсатында әлеуметтік жұмыс орнына бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім түлектерінің, 21 жасқа дейінгі жастардың жастар практикасы - жұмысқа орналастыру»; 11-тармағының «алты ай» деген сөздерінен кейін мына мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: «ең төменгі жалақыдан жүз пайыз мөлшерінде - жастар практикасына төрт ай мерзімге жіберілген оқу орындарының түлектері үшін».