О внесении изменений в постановление акимата города Экибастуза от 27 июня 2005 года № 455/7 «Об определении объектов для исполнения наказания осужденными в виде привлечения к общественным работам по приговору суда» Қолданыста
Басқа 0
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 27 маусымдағы «Сот үкімі бойынша жазаларын өтеуі үшін сотталғандарды қоғамдық
жұмыстарға тарту түрінде объектілерді белгілеу туралы» № 455/7 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің
30-бабы 1-тармағына, 33-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Занына, Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2001 жылгы 11 желтоқсандағы «Сотталгандарды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалауды атқару нұсқаулығын бекіту туралы» № 151 бұйрығына сәйкес, қолданыстағы заңнамамен сәйкестікке келтіру мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2005 жылгы 27 маусымдагы «Сот үкімі бойынша жазаларын өтеуі үшін сотталғандарды қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде объектілерді белгілеу туралы» (нормативтік қүқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2005 жылғы 7 шілдедегі 12-3-29 нөмірмен тіркелген, «Вести Экибастуза» газетінің 2005 жылғы 14 шілдедегі 28 нөмірінде, «Отарқа» газетінің 2005 жылғы 14 шілдедегі 29 нөмірінде жарияланған) № 455/7 қаулысына (бұдан әрі-Қаулы) келесі өзгерістер енгізілсін:
Қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда мазмүндалсын: «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары болімінің «Екібастұзсу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, «Солнечный поселкесі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Су-Солнечный» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, «Екібастұз қаласы әкімдігі кәсіпкерлік болімінің «Екібастұз қаласының муниципалдық базары» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, Екібастұз қаласы әкімдігінің «Екібастұзкоммунсервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, «Екібастұз
қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Досуг»
Орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Павлодар
облысының денсаулық сақтау департаментінің «Екібастұз қалалық
ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Павлодар
облысы әкімдігінің, Павлодар облысының денсаулық сақтау департаментінің
«Екібастұз қалалық № 1 емхана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорны, Павлодар облысының денсаулық сақтау департаментінің
«Екібастұз қалалық № 2 емхана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Павлодар облысы әкімдігінің, Павлодар облысының денсаулық сақтау департаментінің «Екібастұз қалалық № 3 емхана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Павлодар облысы әкімдігінің, Павлодар облысының денсаулық сақтау департаментінің «Екібастұз тері-венерологиялық диспансері» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Павлодар облысы әкімдігінің, Павлодар облысы денсаулық сақтау департаментінің «Екібастұз қаласының қан орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Павлодар облысы әкімдігінің, Павлодар облысының денсаулық сақтау департаментінің «Екібастұз қаласының жедел және медициналық көмек станциясы» коммуналдык мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, «Офис-сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
Қаулының 2-тармағындағы «Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың және мемлекеттік мекемелердің директорымен» сөзі «Заңды тұлғалардың басшыларына» сөздерімен ауыстырылсын;
Қаулының 3-тармағындағы «Көктөбе селосы» сөздері «селолар» сөзімен іауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің
орынбасары А.Л. Құрмановага жуктелсін.
Тармақ 3
З. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
2008 жылғы « 30 » сәуір
Павлодар облысының денсаулық
сақтау Департаментінің Директоры
Г. Аубанова