О внесении изменений и дополнений в постановление акимата г.Степногорска от 27 декабря 2005 года № а-8/794 «Об организации оплачиваемых общественных работ в 2006 году» Қолданыста
Басқа 0
Степногорск қ. әкімдігінің 2005 жылғы 27 желтоқсандағы № ә-8/794 «2006 жылда ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13), 14) тармақшаларына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20 бабын негізге алып, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Степногорск қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 27 желтоқсандағы № ә-8/794 «2006 жылда ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысына (Степногорск қ. Әділет басқармасында 2006 жылдың 6 қаңтарында № 1-2-32 тіркелген, 2006 жылғы 23 ақпандағы № 8 «Престиж» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасында:
4 рет нөмірдің жолы алынып тасталсын;
6 рет нөмірдің жолында «Ветеран» ПИК» деген сөздері алынып тасталсын;
17, 18 рет нөмірлердің жолдары келесі мазмұнда толықтырылсын:
17. Білім бөлімі Спорттық іс-шараларды
18. Дене тәрбиесі және спорт бөлімі ұйымдастыруға жәрдемдесу.
Тармақ 2
2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ресми жариялануға жатады.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Д.Р. Қадыровқа жүктелсін.