О внесении дополнения в постановление акимата от 27 ноября 2006 года № 1151 «Об организации оплачиваемых общественных работ в 2007 году» Қолданыста
Басқа 0
Әкімдіктің 2006 жылғы 27 қарашадағы № 1151 «2007 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7, 20-баптарының, «Қазақстан Республикасындагы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардагы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысының негізінде Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Рудный қаласы әкімдігінің 2006 жылгы 27 қарашадағы № 1151 «2007 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-2-66, 2007 жылғы 5 қаңтарда «Рудненский рабочий» газетінде № 1 болып жарияланған, Рудный қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 24 сәуірдегі № 425 "Әкімдіктің 2006 жылғы 27 қарашадағы № 1151 "2007 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы" қаулысымен толықтырулар енгізілді, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-2-80, 2007 жылғы 15 мамырда "Рудненский рабочий" газетінде № 37 болып жарияланған) қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
Жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыссыздар үшін жұмыс ұйымдастырушы кәсіпорындардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері және көлемі мына мазмүндағы 6, 7-тармақтармен толықтырылсын:
6
Рудный қала әкімінің «Қашар поселкесі «Атлет» спорттық клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Аумақты күнделікті жинауда және абаттандыруда көмек көрсету
16000 шаршы метр
7
«Қашар жұмыс поселкесінің № 4 бала бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Аумақты күнделікті жинауда және абаттандыруда көмек көрсету
Жайды және дәлізді жөндеуде көмек көрсету
6731 шаршы метр
175 шаршы метр
Тармақ 2
2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.