О внесении изменений и дополнений в постановление акимата от 27 июня 2006 года № 212 "Об оказании инвалидам дополнительных видов социальной помощи" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.10.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әкімдіктің 2006 жылғы 27 маусымдағы № 212 "Мүгедектерге әлеуметтік көмектің қосымша түрлерін көрсету туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Мүгедектерге әлеуметтік көмектің қосымша түрлерін көрсету туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2006 жылғы 27 маусымдағы № 212 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3550, 2006 жылы 14 шілдеде "Қостанай таңы", 2006 жылы 25 шілдеде "Костанайские новости" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: қаулының мемлекеттік тіліндегі мәтінінде: 1-тармақта "спорттық сайыстарға" сөздері "спорт жарыстарына" сөздерімен ауыстырылсын; бүкіл мәтін бойынша "спорт жарыстарына" сөздерінен кейін "және спорттық-бал билеріне" сөздерімен толықтырылсын; 1-тармақта "спорттық кресло-арбалар" сөздерінен кейін "және биге арналған кресло-арбалар" сөздерімен толықтырылсын; 2-тармақта "Қостанай облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" сөздері "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" сөздерімен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Ш. Бектұрғановқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.