О внесении изменений и дополнений в постановление акимата района от 27 февраля 2006 года № 57 «О правилах оказания единовременной социальной помощи отдельным категориям населения в Акжарском районе» Күшін жойған
Басқа 0
«Ақжар ауданындағы жеке санаттағы тұрғындарға біржолғы әлеуметтік көмек көрсету ережесі туралы» аудан әкімдігінің 2006 жылғы 27 ақпандагы »57 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 27 ақпандагы № 57 «Ақжар ауданында тұрғындардың жеке санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету ережесі туралы» қаулысымен бекітілген, (тіркеу номері 13-4-27,) 2006 жылғы 1 сәуірдегі № 15 «Дала дидары» аудандық газетінде жарияланган) Ақжар ауданындағы жеке санаттағы тұрғындарға біржолғы әлеуметтік көмек көрсету ережесіне (ілгеріде - Ереже) келесі өзгерістер мен толыктырулар енгізілсін:
- Ереженің 4 тармағындағы «телефондарды орнату үшін» сөздері «және оларға теңестірілген тұлғалар; Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің, қайта некеге тұрмаған жесір әйелдеріне; бұрын КСР Одағында и Ұлы Отан соғысында әскери қызметін мінсіз атқарғаны үшіи және қажырлы еңбегі үшін орден, медальдармен марапатталған тұлғаларға; 1941 жылғы 22 маусымынан бастап 1945 жылғы 9 мамырына дейін соғыс жылдары алты айдан кем емес еңбек еткен тұлғаларға; «Алтын - Алқа», «Күміс - Алқа» алқалармен наградталған және бұрын «Батыр - Ана» атағына ие болған көп балалы аналарға; дербес зейнеткерлерге» сөздермен ауыстырылсын.