О внесении изменений и дополнений в постановление акимата района от 27 февраля 2006 года № 65/2 «Об утверждении Инструкции по назначению социальных выплат отдельным категориям граждан района» Қолданыста
Басқа 0
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 27 ақпандағы «Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» № 65/2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес? Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 27 ақпандағы «Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» № 65/2, Павлодар ауданының әділет басқармасында 2006 жылғы 7 наурыздағы № 12-11-23 тіркелген, 2006 жылғы 9 наурыздағы № 10 (7558) «Нива» газетінде жарияланған қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген нұсқаулықтағы:
2 тармақ мынадай мазмұндағы 11), 12), 13), 14), 15) тармақшаларымен толықтырылсын:
«11) ауданда тұратын «1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін медалімен наградталған тыл еңбеккерлері – 9 Мамыр – Жеңіс күні қарсаңында;
12) ауданда тұратын Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің жесірлері – 9 Мамыр – Жеңіс күні қарсаңында;
13) ауданда тұратын концлагерь, гетто және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарында болған сол кездегі кәмелетке толмағандар – 9 Мамыр – Жеңіс күні қарсаңында;
14) ауданда тұратын «Жапонияны және Германияны жеңгені үшін» медалімен наградталған адамдар – 9 Мамыр – Жеңіс күні қарсаңында;
15) ауданда тұратын қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің жұбайлары – 9 Мамыр – Жеңіс күні қарсаңында»;
5 тармақта:
1) тармақшадағы «3000 теңге» деген саны «7000 теңге» деген санға ауыстырылсын;
5 тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) 11), 12), 13), 14), 15) тармақшаларда көрсетілген санаттағылар үшін 2000 теңге мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек;
6 тармақ мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
«16) 11), 12), 13), 14), 15) тармақшаларда көрсетілген санаттағылар үшін осы әлеуметтік төлемге құқылы жеке адамның өтініші, жеке басының куәлігінің көшірмесі, СТТН, тұрғылықты жерден анықтама, аудандық ЗТМО филиалының тізіміне сәйкес»;
8 тармақ мынандай редакцияда жазылсын:
«Нұсқаулықтың 2 тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16) тармақшаларында көрсетілген аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қажетті құжаттарды қоса берген азаматтардың өтініштері негізінде жеке есеп шоттарына аудару жолымен аудандық пошта байланысы арқылы жүзеге асырылады».
Тармақ 2
2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он календарлық күн өткеннен кейін күшіне енеді.