О внесении дополнений в постановление акимата района от 27 февраля 2006 года № 65/2 «Об утверждении Инструкции по назначению социальных выплат отдельным категориям граждан района» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 27 ақпандағы «Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» № 65/2 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, Павлодар облысы әкімдігінің 2006 жылғы 7 қарашадағы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 15 жылдығын мерекелеу шеңберінде облыстық еңбек сіңірген соғыс және еңбек ардагерлерінің Астана қаласына экскурсиясын ұйымдастыру туралы» № 292/11 сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Павлодар ауданының әділет басқармасында 2006 жылғы 20 сәуірде № 12-11-25 тіркелген, 2006 жылғы 27 сәуірдегі № 17 (7565) «Нива» газетінде жарияланған, аудан әкімдігінің 2006 жылғы 18 сәуірдегі «Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 27 ақпандағы «Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» № 65/2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 138/4 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен, Павлодар ауданының әділет басқармасында 2006 жылғы 7 наурыздағы № 12-11-23 тіркелген, 2006 жылғы 9 наурыздағы № 10 (7558) «Нива» газетінде жарияланған, аудан әкімдігінің 2006 жылғы 27 ақпандағы «Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» № 65/2 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Нұсқаулықтағы:
Тармақ 2
2-тармақ мынадай мазмұндағы 17) тармақшалармен толықтырылсын:
Тармақша 17
«17) соғыс және еңбек ардагерлері, аймақ дамуына үлес қосқан құрметті азаматтар, еңбек сіңірген адамдар»; 5 – тармақ мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
Тармақша 12
«12) 17) тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 15 жылдығын мерекелеу шеңберінде Астана қаласына экскурсияға бару үшін 277778 теңге мөлшерінде бір жолғы әлеуметтік көмек»; 6 – тармақ мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын;
Тармақша 15
«15) 17) тармақшада көрсетілген санаттағыларға үшін – осы әлеуметтік көмекті көрсетуге жеке адамның өтініші, жеке басы куәлігінің көшірмесі, СТТН, аудандық ардагерлер кеңесінің қолдау хаты».
Тармақ 2
2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он календарлық күн өткеннен соң күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Ш. Шәмкеноваға жүктелсін.